Дәмді кекс жасаудың жолдары

Дәмді кекс жасаудың жолдары

Тәтті тағамды кім ұнатпайды? Дәмді тағамнан кейін тәтті әрі тойымды кекс көңіл-күйді жақсартатыны сөзсіз.

Кексті жасау үшін:

100 грамм ұн
90 грамм бүтін дәнді ұн
1 шай қасық қопсытқыш
½ шай қасық лимон қышқылы
1 шай қасық даршын
½ шай қасық жанжабіл
½ шай қасық жұпар жаңғағы
½ шай қасық кардамон
2 ас қасық лимон және апельсин қабығы
1 шымшым тұз
140 грамм кокос майы
160 грамм құрақ қанты
3 жұмыртқа
150 грамм маскарпоне мен кез келген жидек

Дайындау жолы:

1. Жұмсақ май мен қантты араластырып, жұмыртқа мен маскарпоне қосып, біртұтас қоспа болғанынша араластырыңыз.

2. Басқа табаққа ұн сеуіп, тұз, лимон қышқылын қосып, жақсылап араластырыңыз.

3. Барлығын араластырып, жидек қосып, арнайы кекс формасына құйып, 50 минут пісіреміз.

4. Кексті жидекпен әшекейлеуге болады.

Асыңыз дәмді болсын!

Сурет: picsfab.com

Оқи отырыңыз:

Кексті стақанда жасаудың жолдары #2

Кекс жасаудың жеңіл жолы

Ұйқы ашатын коктейль

Таңғы ас – тәңірден

Ф. Абилова