Массагеттен мәзір: "Аджапсандали"

Массагеттен мәзір: "Аджапсандали"

Аджапсандали – үй жағдайында оңай дайындалатын тағам. Ол кавказдықтардың асханасынан әрдайым табылады. Әр елде түрліше дайындалатындықтан, аджапсандалидің он шақты түрін кездестіруге болады. Назарларыңызға біздің нұсқамызды ұсынамыз.  

Қажет азық-түліктер тізімі:

♦ 3 баялды;
♦ 3 қызанақ;
♦ 2 пияз;
♦ 3 тіс сарымсақ;
♦ өсімдік майы;
♦ тұз;
 
♦ ақжелкен.

1. Көкөністерді жақсылап жуып, өсімдік майымен майлаймыз. 

2. Артынша духовкіде 180°С-та 30-35 минут пісіреміз. Көкөністердің қабығы қоңырлана түсуі тиіс. Пісу барысында шығатын иіс мұрныңызды жарып, тәбетіңізді ашады.

3. Баялдыны бірнеше бөлікке бөлеміз. 

4. Оны еттартқыштан өткіземіз. 

5. Қызанақты да бірнеше бөлікке бөліп, еттартқыштан өткіземіз.

6. Пиязды да еттартқыштан өткіземіз.

7. Жоғарыдағы әрекетті қайталаймыз.

8. Екі тіс сарымсақты майдалап тураймыз. 

9. Тураған сарымсағымызды еттурағыштан өткен көкөністердің үстіне саламыз. 

10. Қалауымызша тұз қосамыз.

11. Аджапсандали тағамы дайын! Оны нанға жақпас бұрын суытып алыңыз. Астарыңыз дәмді болсын!

Сурет: Massaget.kz

Массагеттен мәзір: Үй жағдайында дайыналған KFC 
Массагеттен мәзір: "Рататуй" тағамы
Массагеттен мәзір: "Манты"
Массагеттен мәзір: "Картоп құймақтары"

Қ. Бүйенбай