Кекс жасаудың жеңіл жолы

Кекс жасаудың жеңіл жолы

Кекстің түрлі-түрлісін стақанда жасаудың жолдарын назарыңызға ұсынамыз:

1. Кофе-шоколад кексі

Бұл кексті жасау үшін:

3 ас қасық ұн;
1 ас қасық ұнтақ кофе;
2 ас қасық какао үгіндісі;
3 ас қасық қант;
¼ шай қасық қопсытқыш;
2 ас қасық сүт;
1 жұмыртқа;
2 ас қасық өсімдік майы;
½ шай қасық ванилин

Жасалу жолы:

Табаққа ұн, кофе, какао, қант пен қопсытқышты салып, араластырыңыз. Қоспаға сүт, жұмыртқа, май мен ванилин қосып, бір тұтас болғанынша шаңышқымен араластырамыз.

Стақанды майлап, қоспаны құямыз. Қысқа толқынды пешке қойып, 90 секундке кекс піскенінше қосамыз. Дастарқанға қант ұнтағын сеуіп, қоюға болады.

2. Құлпынай-ваниль кексі

Бұл кексті дайындау үшін:

1 ас қасық жұмсақ сары май;
1 үлкендеу жұмыртқа;
½ шай қасық ванилин;
2 ас қасық қант;
¼ стақан ұн;
1 ас қасық қопсытқыш;
½ шай қасық корица;
2-3 ас қасық кесілген құлпынай

Жасалу жолы:

Орташа табаққа құлпынайдан басқа барлығын салып, араластырамыз. Бір тұтас қоспа болғанынша, көпіршітіп, араластырамыз. Қоспаға құлпынайды қосамыз. Стақанды майлап, дайын қоспаны құямыз. Қамырдың көтерілетінін ескеріп, стақанға шамамен 2:3 қатынасында құйғаныңыз абзал.

Стақанды қысқа толқынды пешке қойып, піскенінше (шамамен 75-90 секунд) ұстаймыз. Пештен алыстамай, бақылап тұрғаныңыз жөн. Себебі кейбір пештер 60 секунд ішінде де дайындауы ғажап емес.

Дайын болған соң пештен алып, суытамыз.

3. Банан кексі

Бұл кексті дайындау үшін:

1 ас қасық еріген сары май;
1 жұмыртқа;
1 ас қасық сүт;
1 банан (езу керек);
3 ас қасық ұн;
3 ас қасық қант;
½ шай қасық қопсытқыш;

Жасалу жолы:

Стақанға май құйып, қысқа толқынды пешке 10 секундке қойып, ерітеміз. Оған жұмыртқа мен сүт қосып, шаңышқымен көпіршітеміз. Банан езіндісін қосып, бір тұтас қоспа болғанға дейін араластырамыз. Стақанды қысқа толқынды пешке 10 секундке қойып, пісіреміз. Бұл уақытта піспеген болса, тағы 10 секундке қою керек.

Дастарханға балмұздақпен қоюға болады.

Жалғасы

Сурет: funpanda.ru

Оқи отырыңыз:

Ұйқы ашатын коктейль

Таңғы ас – тәңірден

Массагеттен мәзір: "Нәзік" пирогы

Кешкі ас үшін жеңіл салат дайындап үйренейік

Ф. Абилова