Мәзір: Құмырадағы картоп

Мәзір: Құмырадағы картоп

Қыш құмыралары - ас үйдегі таптырмас көмекші. Құмыраларда тамақтың көптеген түрлерін дайындауға болады. 

 Құрамы:

  • ет - 400 гр;
  • картоп - 7-8 дана;
  • сәбіз - 3 дана;
  • пияз - 1 дана;
  • тұз, бұрыш;
  • сұйық май.
 Пиязды майдалап тураймыз.
 Сәбізді үккіштен өткіземіз.
 Етті майдалап, сұйық майда бірнеше минут қуырамыз.
 Пияз бен сәбізді қосып, тағы да 5 минут қуырамыз.
 Картопты ұзын текшелерге тураймыз.
 Картопты еттен бөлек, сұйық майға қуырып аламыз. 
 Құмыраға картопты саламыз.
Үстінен қуырылған ет пен көкөністерді саламыз. Пісіру пешіне 180 градусқа 30-40 минутқа қоямыз.
 Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Сания Аринова