Супермаркеттен сатып алмауға кеңес берілетін 14 тағам

Супермаркеттен сатып алмауға кеңес берілетін 14 тағам

Компания басшылары тұтынушылардың санасына қаптаманы жақсылап өңдеу арқылы әсер етеді. Күнделікті тұрмысқа өздері ұсынған тауардың аса қажет екеніне сендіреді. Осылайша қалтамызды жұқартып қана қоймай, денсаулығымызға зиянын тигізеді.

♦ Құрамында хош иістендіргіші бар тағамдар. Жеміс иісі аңқып тұрған печенье, кәмпит, батончиктер сатып алып тұрып, азық-түлік құрамында ешқандай жидек қосылмағанын байқамаймыз.

♦ Бөтелкедегі суық шай. Бөтелкедегі шайды калориясы төмен, денсаулыққа пайдалы сусын деп ойласаңыз, қателесесіз. Себебі, бөтелкедегі шайдың құрамында қант пен дәм кіргізуші қоспалар өте көп. Мұны шайдан гөрі суық сусын деп атаған жөн болар.

♦ Глютенсіз азық-түліктер. Шындығында, глютенсіз тағамдардың құрамында калория, май, көмірсу, жасанды қоспа аз болады. Осы қасиеттерінің арқасында денсаулыққа пайдасы мол болғандықтан, бағасы да қымбат.

♦ Бидай дәнінен жасалған нан. Нанды сатып алар кезде қаптамасына назар аударыңыз. Кейде ақ нанды дәнмен көмкеріп қоятын кездер болады. Яғни нанның бидай дәнінен жасалғанын таңдауыңыз керек.

♦ Құрамында ағаш үгітіндісі бар тағамдар. «Талшыққа бай» таңғы ас пен батончиктер сатып алған кезде азық-түліктің құрамында целлюлозаның болмағаны жөн. Себебі, целлюлоза – ағаш үгітіндісі.

 Майлылығы төмен жержаңғақ майы. Жержаңғақ майы ағзамызды маймен қамтамасыз етеді. Ал майлылығы төмен жержаңғақ майында бұл компонентті қант алмастырады.

Жалғасы бар...

Оқи отырыңыз:

Сарымсықты 10 секунд ішінде қалай аршуға болатынын білесіз бе?

Шұбаттың ерекшелігі мен пайдасы

Массагеттен мәзір: Бехи дымлямасы

Ас үйдегі қулықтар

Сурет: rumbur.ru

Қ. Бүйенбай