Жемістің қабығы неге пайдалы?

Жемістің қабығы неге пайдалы?

Жемістің қабығында көптеген пайдалы дәрумен бар. Тіпті нәрлігі жемістің өзімен теңбе-тең десек қателеспегендігіміз. Америка елінің диетологтарының айтуынша, егер адам алманы қабығымен тұтасымен жейтін болса, онда ол кісі өзін омырау қатерлі ісік ауруынан, бауыр, ішек сырқатынан қорғай алады екен. Сонымен қатар, бананның қабығы жарақаттанып қалған сәтте ісікті тез қайтаруға мықты.

Кепкен қарбыздың қабығы колит ауруы мен ішектің суық тиіп қалуына жақсы көмектеседі.

Кивидің сыртқы қабығында киви жемісінен 3 есе көп антиоксидант бар. Онымен қоса ол ішекте болатын зиянды бактериялармен тамаша күреседі. Одан бөлек апельсин мен лимон өнімдерінде де пайдалы дәрумендер, антиоксиданттар бар. Бұл жемістердің қабығы іштің ас қортуын бір қалыпты етіп ұстайды.

Тағы бір айта кетін жайт, жеміс-жидектердің қабығы денсаулыққа пайдалы болғанымен оның бетінде зиянды токсин болуы әбден мүмкін. Сол себептен өсімдікті пайдаланар алдында жақсылап жуу қажет.

Оқи отырыңыз: 

Макаронды қалай пісіреміз?

Тағам дәмді болсын десеңіз...

Массагеттен мәзір: "Наубайшы картобы"

Пармезан ірімшігі қалай дайындалады?

Сурет: ru.gde-fon.com

Н. Нұрмаханұлы