Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Мәзір: "Күн мен түн" торты

Мәзір: "Күн мен түн" торты

Мәзір:

Соңғы кезде Mассагеттің аспаздық бөлімінде торт мәзірлері көбейіп кеткенін байқадыңыз ба? Сірә, мерекелер мен отырыстардың көптігіне байланысты болар. Осы қарқынымыздан таймай, дастарханның сәніне айнала алар мына "Күн мен түн" тортын ұсынбақшымыз. Мәзірі оңай, құрамдас бөліктері әр ас үйдің сөрелерінен табылады.

Құрамы:

Ақ қамыр:

  • 2 жұмыртқа;
  • 1 стақан айран;
  • 1,5-2 стақан ұн;
  • 1/3 стақан сұйық май;
  • 1 стақан қант;
  • 1 шай қасық қамыр қопартқышы.

Какао қамыры:

  • 2 жұмыртқа;
  • 1 стақан айран;
  • 1,5-2 стақан ұн;
  • 1/3 стақан сұйық май;
  • 1 стақан қант;
  • 1 шай қасық қамыр қопартқышы;
  • 3-4 ас қасық какао ұнтағы.

Крем:

  • 400г қаймақ;
  • 200 г қойылтылған сүт;
  • 1 стақан қант;
 

 

Жұмыртқаны қантпен езіп, миксер көмегімен көпіртіп араластырамыз.
Оған айран, сұйық май қосамыз.
Ұн мен қамыр қопартқышын қосып, миксер көмегімен ұн түйіршіктері қалмайтындай етіп араластырамыз.
Майланған қалыпқа пісіру қағазын төсеп, үстінен қамырды саламыз. Пісіру пешіне 170-200 С-қа 40-50 минутқа қоямыз.
Какао қамырын дәл солай әзірлейміз. Тек соңында какао ұнтағын қосып, оның біркелкі араласқанына көз жеткіземіз.
Дәл ақ қамыр сияқты пісіреміз.
Ақ қамырды пышақ және жіп көмегімен ортасынан екіге бөлеміз.
Какао бәлішін де дәл солай. 
Крем дайындаймыз. Қойылтылған сүт пен қаймақты миксер көмегімен қант толық ерігеніне дейін араластырамыз.
Ақ пен какао бәліштерін бірінен кейін бірін, арасына кремді молынан жағып қоямыз. Крем сіңуіне уақыт беріңіз.

Үстін қалауыңыз бойынша сәндеңіз. Біз ұсақталған печенье ұнтағымен әрледік.

Торт дайын! Асыңыз дәмді болсын!

34297 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 23 мамыр 2012, 14:56
Пікірлер
+0
23 мамыр 2012, 18:33

Тооорт, жақсы көрем! Тәтіііі! :D

+0
24 мамыр 2012, 00:43

Торттан керемет не бар)

+0
23 мамыр 2012, 21:30

жасап қиналғанша сатып ала сау керек :D

+0
24 мамыр 2012, 00:43

жасап көріңіз бір сағаттан көп уақыт алмайды)

+0
24 мамыр 2012, 00:59

қолдан жасаған тағам..сатып алғаннан гөрі дәмдірек болат!)

+0
23 мамыр 2012, 22:03

Ох, аспаздыққа мен де жақын едім))) торт :D
не ғой, шәйнекпін, мына посттың аптырын қайдан көрем? )) :oops:

+0
24 мамыр 2012, 00:43

Апторы жоқ) өзіңіз істеп аптор бола аласыз)

+0
24 мамыр 2012, 09:52

мысалы, мен пост жазсам, жұрттар оны менің жазғанымды қайдан көреді?

+0
24 мамыр 2012, 10:33

Сіз жазсаңыз көреді)

+0
24 мамыр 2012, 11:05

Түк түсінсем бұйырмасын

+0
24 мамыр 2012, 12:43

Көркем, егер сіз массагетке пост жазсаңыз, оның авторы сіз екені көрсетіліп тұрады, бұл пост емес)

+0
24 мамыр 2012, 17:41

әәәә үлкен размет))) ризамын. :D

+0
11 маусым 2012, 17:36

Сосын әдемі мәзірлеріңді "материал жіберу" дегенмен "Массагетке" жөнелтсең, жариялайды, сенің атың да көрсетіледі. Сондықтан мәзірлеріңді жіберіп тұриии ;)

+0
27 мамыр 2012, 14:22

Торттың дәмін-ай, суретінен-ақ көрініп тұр :)

+0
09 маусым 2012, 03:32

мен жасап кордим,оте дамди болады екен! рахмет!!! :)

+0
21 маусым 2012, 17:32

мен жасап көрмесем,

+0
22 маусым 2012, 12:34

жасалуы оңай,өте дәмді болады екн, бірақ ортасынан бөлгені қиындау екен,рахмет мәзірді ұсынған Санияға

+0
22 маусым 2012, 12:36

))тәжірибе болса кейін көзді жұмып кесе бересіз

+0
22 маусым 2012, 12:41

сол күнге жеткізсін ........)))

+0
05 қаңтар 2013, 18:40

мен жасадым бәріде басқаша болды

+0
14 қаңтар 2013, 23:10

мен жасап кордим дамди болды

+0
16 қаңтар 2013, 15:58

ас болсын)

+0
21 наурыз 2013, 01:01

көтерілмей қалатын сияқты

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...