Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Массагеттен мәзір: "Паэлья" тағамы

Массагеттен мәзір: "Паэлья" тағамы

Массагеттен мәзір:

Мassaget.kz порталындағы Әлемтану айдарының бірден-бір мақсаты – өзге елдердің тұрмыс-тіршілігінен, әдет-ғұрпынан, салт-дәстүрінен хабардар ету екенін білетін боларсыз. Бүгіннен бастап сол дәстүрімізді Аспаздық айдарында да жалғастыратын боламыз. Енді сіздер әртүрлі елдің асханасындағы кең танылған тағамдарды жасап үйренетін боласыздар.

Бүгін жасалатын тағам – испан асханасының сұлтаны "паэлья". Паэлья туралы толық деректі мына жерден білулеріңізге болады. Испандықтар әдетте бұл тағамды теңіз өнімдерінен және тауық етінен жасауды әдетке айналдырған. Кейде екеуін де араластырып жасай береді. Біздің паэлья тауық етінен жасалады.

Құрамы:

  • 500 гр дөңгелек дәнді күріш
  • 500 гр тауық еті
  • 5 ас қасық зәйтүн майы
  • 5 пияз, 3-4 тал сарымсақ
  • 2-3 қызанақ, көк бұршақ
  • 1 тәтті болгар бұрышы
  • ақжелкен, тұз, дәмдеуіштер
Тауықты орташа етіп турап, зәйтүн майына 7 минут қуырамыз.

Қуырылған тауық етін бөлек ыдысқа салып қоямыз.

 

 

Пиязды бөлек тураймыз.
Тауық қуырылған ыдысқа пиязды да салып, қызарғанша қуырамыз.
Оның үстіне сарымсақты турап саламыз.
Қызанақты төрт бұрыш етіп турап аламыз да, пияз қуырылып жатқан ыдысқа салып 7 минут бұқтырып қоямыз.
Алдын ала қуырылған тауықты салып, тағы да 7 минутқа қалдырамыз.
Болгар бұрышын да төрт бұрыш етіп турап шығамыз.
Оны да пісіріліп жатқан тағамның бетіне салып, 7 минут бойы бұқтырамыз.
Қатырылған немесе ыдыстағы жасыл бұрышты дайындаймыз.
Ақжелкенді де біркелкі етіп турау керек.
Екеуін дайындалып жатқан тағамның бетіне салып, 7 минут бұқтырып қоямыз.
2 стақан күрішті жақсылап жуғаннан кейін, ыдысқа саламыз.
Оның бетіне барлық дәмдеуішті салыңыз. Карри, шафран, базилик, қызыл бұрыш та жарайды. Тұз салуды ұмытпаңыз.
7 минуттан кейін 2 стақан күріш үшін 4 кесе су құясыз (тауық сорпасы болса, тіптен жақсы) да, отты басып, бетін жаппастан (бетін мүлде жабуға болмайды, бұл палау емес) 35-40 минут қалдырасыз.

Паэлья дайын! Испан халқы тағамды дастарқанға табамен қойып жатады. Арнайы тәрелкеге салсаңыз да, қате емес.  Асыңыз дәмді болсын!

Ас үйде болған: Айгерім Сматуллаева

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 15 қаңтар 2014, 17:49
Пікірлер
+0
15 қаңтар 2014, 17:19

Дәмді шықты. Жасалу әдісі де оңай емес екен ) Испандықтандың қандай еңбекқор халық екенін осыдан білуге болатындай ))

+0
15 қаңтар 2014, 17:27

Тамаша! Өзі мен жақсы көретін тағамдардан жасалған екен! :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen:

+0
15 қаңтар 2014, 17:30

Паэлья, Паэлья, Паэлья :lol:

+0
15 қаңтар 2014, 17:31

ниииче себе, как раз қонаққа барып осындайды жейтін адамды білем :idea:

+0
15 қаңтар 2014, 18:58

міндетті түрде дайындап көру керек екен. Бірақ 35-40 минут ашық тұрса суы сарқылып, асты жабысып қалмас па екен? әлде қақпағын жартылай жауып қоюға бола ма?

+0
15 қаңтар 2014, 20:08

:lol: :lol: :lol: өте ерекше мәзір!

+0
16 қаңтар 2014, 14:04

ооо, жасап көретін екен. Горошек қосқан тамақ ішіп көрмеппін

+0
16 қаңтар 2014, 18:34

Түүүүу, түріне қарап сілекейім шұбырды... Жасап көрем, бұйырса. :)

+0
16 қаңтар 2014, 18:46

Керемет!

+0
17 қаңтар 2014, 03:42

Жексенбіде жасап көрем.

+0
17 қаңтар 2014, 17:17

Ой, ой, қарным ашып кетті ғой! Айгерімнің асханасының да дәмін татар күн туар, ә?) Рақыметкөзді қызықтырған жазбаңа, Айкерім!)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.