Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Масагеттен мәзір: Асқабақ сорпасы

Масагеттен мәзір: Асқабақ сорпасы

Масагеттен мәзір: Асқабақ сорпасы

Күздің соңғы демалыс күндері қарсаңында сіздермен соңғы нағыз күздік тағам мәзірімен бөліскіміз келіп тұр. Дала суып үлгерсе де, базар мен дүкендер сөрелерінде күздің ең пайдалы да дәмді көкөнісі – асқабақ әлі бар. 

Асқабақ мантыға ғана қажет көкөніс деген пікір қалыптасып кетті. Алайда одан тәтті десерт, керемет самса, нәзік күріш ботқасын жасауға болады екен. Асқабақпен жасалынатын ең оңай да дәмді мәзірлердің бірі – асқабақ сорпасы. Бұл сорпа жасымық сорпасы сынды езбе ретінде болады. Хош иісті, дәмді және өте жеңіл, тіпті диетикалық тағамды сіз де жасап көріңіз.

Құрамы:

  • 700 грамм асқабақ;
  • 1 сәбіз;
  • 1 пияз;
  • 2 сарымсақ;
  • зәйтүн майы;
  • тұз, бұрыш;
  • қаймақ.
Пияз, сарымсақ пен сәбізді майдалап тураңыз.
Асқабақты қабығынан ашып, дәндерінен тазалап, майдалаңыз.
Қызып тұрған қазанға зәйтүн майын құйып, пияз бен сарымсақты қуырамыз.
Қазанға сәбіз бен асқабақ салып, тұздап, бұрыш қосыңыз. Көкөністерді бірнеше минут баяу отта қуырамыз.
Қазанға 1 л шамасында су немесе дайын сорпа құйып, піскенін күтеміз.
Дайын сорпаны блендер көмегімен араластырып, езбе қалыпына дейін жеткізіңіз.
Қалауыңызша асқабақ сорпасын қаймақпен және сарымсақты нан кесектерімен ұсынуға болады. Нанды турап, үстіне майдаланған сарымсақ қосылған май жағып, пісіру пешіне 15 минутқа салыңыз.

Астарыңыз дәмді болсын!

Ас үйде болған: Сания Аринова

10
Рейтинг: +5

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 29 қараша 2013, 12:37
Пікірлер
+0
29 қараша 2013, 13:03

бүгін асқабақты асел пешке пісіремін деп отыр едім, сіздің мына жазбаңызды көріп қуанып кеттім. бірақ, блендерімді әпкем әкетіп қалған. Не істесем болады?

+0
29 қараша 2013, 13:30

сорпаны ұзағырақ пісіріңіз, көкністер әбден езіліп кетсін, артынан блендер емес миксермен араластырыңыз. Мен мысалға піскен картоптан езбені миксермен жасаймын. Бірақ сорпаның суы шашылып кетпесін)

+0
29 қараша 2013, 13:44

Рахмет!!!!!!!!!! :)

+0
29 қараша 2013, 13:45

бүгін жасаймын, а сақабақ өзіміздің бақшанікі :idea:

+0
29 қараша 2013, 13:54

о күшті ғой) суретін түсіріп форумға салыңызшы)

+0
29 қараша 2013, 13:56

қалай салу керек екенін білмеймін :shock: бірақ асқабақ деген көөөп үйде. Мамам мен інім ала жаздай бақашаны баптаумен болады. Мен тек тамақ жасауды білем :|

+0
29 қараша 2013, 14:04

күшті ғой http://massaget.kz/forum/viewforum.php?f=133 мына сілтемемен өтіп көріңізші, осында өз суреттеріңізді салуға болады

+0
29 қараша 2013, 14:16

рахмет! Форумды ешқашан ашып көрген емеспын. Сәл түсініксіздеу болды. кешке қарай суреттерді салып көрейін. Қателіктер кетсе, алдын ала кешірім сұраймын :shock:

+0
29 қараша 2013, 13:56

Дәмін көру керек екен :)

+0
29 қараша 2013, 14:26

Қызық, асқабақ сорпасын ішіп көрмеппін )) Көретін екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.