- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: Түріктің...
Массагеттен мәзір: Түріктің жасымық көжесі
Жасымықтан әзірленген езбе көже – түрік халқының дәстүрлі тағамдарының бірі. Мержмек деп аталатын жеңіл, асқазанға ауырлық түсірмейтін тағамның дайындалуы да өте оңай. Басты құрамдас бөлік – қызыл жасымық жармасы.
Құрамы:
| |
Пияз бен сарымсақты майдалап тураңыз. Қазанға май қыздырып, пияз бен сарымсақты қуырыңыз. | |
Сәбізді майда қылып тураңыз. | |
Қызанақты қалауыңызша тураңыз. | |
Қуырылып жатқан пияз бен сарымсаққа сәбізді, артынан қызанақты қосыңыз. Кішкенеден кейін, жуылған жасымық жармасын салыңыз. Үстінен 2 стақан қайнатылған су құйып, тұздап, бұрыштаңыз. Баяу отқа 30-40 минутқа қалдырыңыз. | |
Піскен жасымықты блендер көмегімен майдалап, езбеге айналдырыңыз. Езбе тым қою болған жағдайда оған сорпа, су қосуға болады. | |
Жасымық көжесімен бірге дастарханға сарымсақ нанын қойыңыз. Нанды турап, үстіне майдаланған сарымсақ қосылған май жағып, пісіру пешіне 15 минутқа салыңыз. |
Астарыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Сания Аринова
С. А