Асты күймеген омлет дайындау әр арудың қолынан келе бермейді. Көмекке күнделікті қолданатын микротолқынды пеш келеді. Ең оңай, ең қарапайым, ең тез даярланатын таңғы ас мәзірімен таныс болыңыздар.
Омлет – көп елде жасалатын дәстүрлі таңғы ас тағамы. Жұмыртқа мен сүттен ғана тұратын омлетті даярлауда көбіміз бір қиындыққа тап боламыз: көп жағдайда омлеттің асты күйіп, табаға жабысып қалады. Ал оны біздің мәзірімізге қарай отырып, микротолқынды пеште даярласаңыз, үйдегілеріңізді күйіп кетпеген, ортасына дейін уылжып піскен омлетпен қуанта аласыз.
| Құрамы:
| |
| Жұмыртқаға сүт қосып, тұз, қант сеуіп, араластырыңыз. | |
| Тұзы мен қанты араласып ерігеннен кейін омлетті микротолқынды пешке салуға болатын қалың ыдысқа құямыз. | |
| Оны микротолқынды пешке 3-4 минутқа орта қуатқа қоямыз. Омлет қатты көтеріледі, оның ыдыстан төгіліп кетпеуін қадағалаңыз. Төгілейін деп тұрған кезде пешті өшіріп, басылғанын күтіңіз. Артынан қайта қосып, соңына дейін даярлайсыз. | |
| Омлетті тәрелкеге шығарып, онымен қалауыңызша май не қаймақ, балқытылған сыр, ірімшік, тосап не көк-шөп беруге болады. |
Ескерту: Омлетке тұз міндетті түрде қосу керек, қоспаған жағдайда, оның дәмі болмайды. Ал қант қосу, қоспау әркімнің қалауы бойынша. Қант қосылған омлет тәтті болып шығады, мұндай омлетпен бірге жеміс-жидек, тосап, бал беру керек.
Астарыңыз дәмді болсын!
Ас үйде болған: Сания Аринова
С. А