Массагеттен мәзір: "Кәді" салаты

Массагеттен мәзір: "Кәді" салаты

"Аспаздық" айдары осыдан біршама уақыт бұрын өз оқырмандарына баклажаннан жасалатын "Ащы тілдер" атты салаттың мәзірін ұсынған болатын. Ал бүгін сіздерге дәл осы салатқа ұқсас келетін кәдіден (кабачок) жасалатын салатты таныстырамыз. Кәді – жазғы көкөніс. Дәл қазір оны жеміс лашықтарынан оп-оңай тауып алуға болады. Ол баклажанға қарағанда дәмді, құнарлы, пайдалы келеді. Сондай-ақ, баклажан жей алмайтындар үшін кәдіден салат жасасаңыз, алғысына ие боласыз. Сонымен, кәді салатын жасауды бірге үйренейік.

Құрамы:

 

  • 2 дана кәді
  • 3 дана қызанақ
  • 2 дана жұмыртқа
  • 2-3 тал сарымсақ
  • майонез
  • өсімдік майы

 

 

 

 

Кәдіні жуып, дөңгелек текшелерге тураймыз. Тұзды суға салудың қажеті жоқ.

 

Екі жұмыртқаны ыдысқа жарып, жақсылап араластырамыз. 

 

Жұмыртқаға дөңгелек кәділердің екі жағын да аунатып аламыз.

 

Табаға май қыздырамыз. Қызған майға кәдіні екі жағынан алтын түске боялғанша қуырамыз.

 

Кәдіні қуырып жатқанда сарымсақты ұсақтап турап, майонезбен араластырамыз да, тұз қосамыз.

 

Дәл осы уақытта қызанақтарды жуып, кәдінің көлемімен бірдей етіп турап шығамыз.

 

Дайын болған кәдіні тәрелкеге қойып шығамыз да, сарымақ пен майонезден жасалған тұздықты жағамыз.

 

Оның бетіне дөңгелек қызанақтарды қойыңыз да, бетіне тағы да кәділерді жайыңыз. Қалауыңызша бірнеше қабатты етуіңізге болады.

Салат дайын! Ас дәмді болсын!

Ас үйде болған: Айгерім Сматуллаева