Баклажан жаз-күз маусымында базар сөрелерінде ең жиі кездесетін көкөністердің қатарында болады. Осы кезде оның бағасы да әлдеқайда арзандайды. Бұны қалт жібермей, баклажаннан мысалға мынандай ащы тілдер тіскебасарын әзірлеп көріңіз.
| Құрамы:
| |
| Баклажанды жуып, дөңгелек текшелерге тураймыз. | |
| Баклажанды суы тазарғанша жуамыз. Тұзды суға 5-10 минутқа салып қойған дұрыс. Артынан майлыққа кептіруді ұмытпаңыз. | |
| Табаға май қыздырамыз. Қызған майға баклажанды екі жағынан алтын түске боялғанша қуырамыз. | |
| Қуырылған баклажан текшелерінен майын ағызып, құрғатамыз. | |
| Ол құрғағанша майонезге үгітілген сарымсақ пен қара бұрышты қосып, тұздық даярлаймыз. | |
| Тәрелкеге баклажан текшелерін жайып, үстінен дайындаған тұздықты жағамыз. | |
| Қызанақты әдемі бірдей текшелерге тураймыз. | |
| Баклажанның үстіне қызанақ жайғастырамыз. Қаласаңыз, бірнеше қабат істесеңіз болады. | |
| "Ащы тілдер" дайын! Астарыңыз дәмді болсын! |
Дайындаған: Сания Аринова
С. А