Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Массагеттен мәзір: Дәстүрлі алма бәліші

Массагеттен мәзір: Дәстүрлі алма бәліші

Массагеттен мәзір: Дәстүрлі алма бәліші

Алма бәліші әр ару пісіре білетін тағамдардың бірі болу керек. Назарларыңызда оңай әзірленетін, көп уақыт пен күшті талап етпейтін, қол астында бар азық түліктерден дайындалатын өте тойымды, үлкен отбасына жететіндей көлемді хош иісті алма бәліші.

Құрамы:

  • 6-7 алма (қышқыл, жасыл түрлерін алған жөн);
  • 5 жұмыртқа;
  • 150 гр қант;
  • 200 гр сары май не маргарин;
  • 2 шай қасық қамыр қопсытқышы;
  • 600 гр ұн.

Крем үшін:

  • 400 гр қаймақ;
  • 150 гр қант.
Май не маргаринді қантпен езіп араластырамыз. Жұмыртқаларды қосамыз.
Жақсылап араластырып, ұн мен қамыр қопсытқышын қосып, қамыр илейміз.
Қамырдың 2/3 бөлігін майланған пісіру пішініне жаямыз. 
Үстіне майда бөліктерге туралған алма тілімдерін жайғастырамыз. 
Қалған қамырдан түтікшелер, гүл күлтелері не жапырақтарын жасап, бәліштің бетіне қойып, әдемілейміз. Бәлішті 180 градусқа 35 минутта пісіреміз.
Крем даярлау үшін қаймақ пен қантты миксермен араластырыңыз. Кремді ыстық бәлішке құйып, оны суытуға қалдырыңыз.
Кремі әбден сіңіп, суыған бәліштің дәмі мен хош иісі одан да нәзік болады. Астарыңыз дәмді болсын!

Тақырып бойынша: 

Қымбат тағамдардың орнына

Алма бәліштері

Жеміс бәліші

Ас үйде болған: Сания Аринова

1442 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 03 қыркүйек 2013, 12:17
Пікірлер
+0
03 қыркүйек 2013, 12:45

УРРА! дайындаймын осы демалыста. Мен іздеген рецепт, рахмет Сания!

+0
03 қыркүйек 2013, 16:51

Мынау мен сұраған мәзір ғой, рахмет. Қазір жасағым келіп отыр әттең жұмыстамын. Тек сенбі жасай алам енді ((

+0
03 қыркүйек 2013, 20:29

ия,расымен де мұны әрбір қыз біледі деп ойлаймын. Менің 6-сынып оқитын сіңлім де осыны сүйіп жейді және өзі әзірлейді.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...