Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Әлемдегі ең дәмді жеміс

Әлемдегі ең дәмді жеміс

Әлемдегі ең дәмді жеміс

"Әлемдегі ең дәмді жеміс" атауын мангостиннің (кейде мангостан немесе гарциния деп аталады) иемденуі қай жағынан болсын әділетті дер едік. Жемістің көлемі мандаринды еске салады, қабығы күлгін, ішіндегі еті ақ түсті, бір қарағанда, кремді десертке ұқсайды.

Мангостин ағашының ұзындығы – 25 метр. Діңінің қыртысы қара-қоңыр. Ағаш жыл бойы жасыл көйлегін тастамайды. Жемісінің диаметрі – 3,4-7,5 сантиметр. Өсімдік жемісті өте кеш береді, жемістер ағаш отырғызылғаннан кейін 9-20 жыл аралығында пайда бола бастайды.

Мангостиннің Отаны – Оңтүстік-Шығыс Азия. Жемісті өсіру мәдениеті Таиландта, Мьянмде, Вьетнамда, Камбоджада, Малайзияда, Үндістанда, Шри-Ланкада, Филиппинде, Антиль аралдарында, Орталық Америкада, Колумбияда, тропикалық Африкада жақсы дамыған.

Мангостиннің ерекшеліктері: ол ешқашан жабайы күйінде өспейді және жыныссыз келеді. Оның гүлдері бір мезгілде аталық та, аналық та бола алады. Мұндай сирек құбылыс ғылымда "партеногенез" деп аталады. Гүлдерінде шірне түзілмейтіндіктен, гүлдену кезеңінде ешбір шыбын-шіркей жоламайды екен.

Мангостиннің құрамында адам ағзасына қажетті ең маңызды элементтер кездеседі: С және Е дәрумені, рибофлавин, тиамин, азот, кальций, магний, мырыш, натрий және калий. Жеміс фармакология саласында жиі қолданылады.

Мангостиннің пайдасы

Мангостин жемісі өте қуатты табиғи құрал, ол ағзадағы артық радикалдар мен қышқылдарды бейтараптандырады, денені жасушалық деңгейде тазартады, иммунитетті нығайтып, ағзаны жандандырады.

Мангостиннің табиғи шырыны шаршағанда, қабынуларға, жараға, жүйке жүйесіне, ісіктерге, иммунитет төмендегенде, вирусты және бактериалды инфекцияларда, жүрек-қан тамырлары жүйесіне, аллергиялық ауруларға, терінің созылмалы ауруларына, ас қорытуға, ағзаны тазартуға өте пайдалы. Шырынды балаларды қосқанда барлық жастағы адамдар диеталық тағам ретінде қолдана алады.

Ғылым дәлелдеген мангостиннің тағы бір пайдасы – ішкі ағзадағы микробтарды, саңырауқұлақтарды, паразиттерді тазарта алады.

Өкінішке орай, осындай дәрілік қасиеті басым өсімдікті тек тропикалық елдердің базарларынан ғана таба аламыз. Жеміс тек қана ағашта жетіліп-пісе алады. Мангостин тоңазытқышта бір-екі аптаға дейін жарамды болып тұра береді. Алайда оны мұзға қатыруға болмайды.

Сондықтан да, жемісті жаңа піскен күйінде жеп жатады. Айтпақшы, одан тамаша шәрбат алуға, джем жасауға және консервілеуге болады.

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

4040 4
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 22 тамыз 2013, 11:34
Пікірлер
+0
22 тамыз 2013, 14:16

Біз білмейтін жемістер көп-ақ

+0
22 тамыз 2013, 14:21

Жемістер мен көкөністердің жеуге жарамды не жарамсыз екендігін білу үшін бірінші адамдар дәмін татып көреді ғой. Мынадай тәттінің дәмін алғаш көрген адамның жолы болған шығар. Ал ащы бұрыштың ащы екендігін анықтаған адамды аяймын ше. Немесе картопты тек пісіріп жеу керектігін анықтаған адам ең алдымен оны шикідей жеп көрді ғой, ия :lol:

+0
24 тамыз 2013, 21:38

Бұдан да дәмді жеміс барма екен??? ;) :lol: :roll:

+0
27 тамыз 2013, 10:46

Казыргы кезде Ксанвитон деген манготиннан сок бар.Денсаулыкка сондай пайдалы.Оте жаксы натижелери бар.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев