Оқи отырыңыз

Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен.

Автор: Мұзафар Әлімбаев

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Мен күтетін мереке
Мен күтетін мереке

Автор: Гүлжанар Жарқынбекқызы

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Жасымық – бұршақтардың патшасы

Жасымық – бұршақтардың патшасы

Жасымық – бұршақтардың патшасы

Бұршақ тектес өсімдіктердің бір түрі – жасымық бұрыннан бері пайдалы, емдік қасиеттерімен белгілі. Алайда жасымық біздің елімізде үлкен танымалдыққа ие емес, біз оны күнделікті рационымызға қоспаймыз. Мүмкін сіз де оның пайдалы қасиеттерін білмейтін боларсыз?

Құрамы 

Жасымық бұршағының құрамында бізге күш пен энергия беретін көмірсулар көп болады. Соның арқасында жасымықтан жасалынған тағамдар өте тойымды. Оның құрамында ағзамызды құрайтын бөлшектер – ақуыздар өте көп. Жасымықтың 60 пайызы осы ақуыздарға тиесілі. Сол себепті жасымық ет сияқты ақуызы мол тағамға балама бола алады. Сонымен қатар жасымықтың ақуызы ағзамен жеңілірек қабылданады. 

Жасымық бұршағы әйел денсаулығына өте қажетті темірге де өте бай. Жасымық ботқасының бір тәрелкесінде адамға бір күнде қажетті фоли қышқылының 90 пайызы бар. Ол әсіресе аяғы ауыр болашақ аналарға керек.

Сонымен қатар жасымық бұрышы басқа да макро және микроэлементтерге, оның ішінде: мырыш, марганец, селен, йод, фтор, фосфорға бай. 

Жасымықтағы кездесетін дәрумендер де аз емес: А, Е, РР және В тобының дәрумендері. 

Пайдасы

Атап өткен фоли қышқылының жасымықта көп болуы жүкті әйелдерге өте пайдалы, ол іштегі нәрестенің дұрыс қалыптануына септігін тигізіеді.

Жасымық – мықты антиоксидант. Оның құрамындағы изофлавон атты заттар қатерлі ісік сынды өте ауыр дерттердің алдын ала алады.  

Бұл бұршақтың түріндегі клетчатканың молдығы ас қорыту жүйесіне көмектесіп, асқазан мен ішекте бола алатын аурулардың алдын алады. 

Атап өткен дәрумендер мен минералдар жалпы иммунитетті берік қылып, денсаулыққа жақсы әсерін береді.

Жасымық жүрек-тамыр жүйесімен қиындықтары бар, диабетке шалдыққандарға да пайдалы: оның кейбір қасиеттері қандағы қант мөлшерін азайта алады. 

Ал жасымық ұнын косметикалық дауаларда, теріні түрлі кемшіліктерден емдеу үшін қолданады. 

Дайындау  

Жасымықтан жасалынатын ботқалар, көжелер өте тойымды, дәмді болады. Кез келген бұршақ сияқты жасымықты да дайындамас бұрын тазалап, жуу керек. Жасымықты фасоль сияқты алдын ала суға бұқтырып қоюдың қажеті жоқ, ол онсыз да тез жұмсарады. Жасымық бұршағын суда пісіріп, артынан тұздау керек.  

Жасымықтың түрлері көп-ақ, олардың түстері, дәмі, дайындалу ерекшеліктері де түрлі. Мысалға қоңыр, жасыл жасымықтың жаңғақ дәмі болады, әрі ол пісіргенде өз пішінін жақсы сақтайды. Қызыл жасымық піскенде ұсақтанып кететін қасиеті бар, сондықтан одан езбе-көжелер жасаған дұрыс. Сары жасымық өте тез піседі, ал қара жасымыққа дәмдеуіштер қоспасаңыз да болады – оның дәмі онсыз да жақсы білініп тұрады. 

Мына жерден жасымықтан жасалатын түріктің езбе-көжесінің мәзірін таба аласыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: mealblog.ru

6718 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 17 шілде 2013, 16:40
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...

Мектеп – 2017 #2
Мектеп – 2017 #2

Қос оқушының өмірінде  қандай өзгерістер орын алуда? "Мистер икс" деген кім? Бұл сұрақтардың жауабы осы бөлімде...