Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Компот қайнатудың қағидалары

Компот қайнатудың қағидалары

Компот қайнатудың қағидалары

Компот – әмбебап сусын. Оны салқын, жылы күйінде де ішуге, қысқа сақтауға да, десерт ретінде де пайдалануға болады. Еуропалық дәстүр компотқа біз секілді жай ғана сусын ретінде қарамайды, олар үшін компот – тамақтан кейін міндетті түрде берілетін жеміс қайнатпасы екен.

Компоттың да бірнеше түрі бар. Мәселен, ингредиенттер бойынша: жаңа піскен жемістен жасалатын, құрғақ жемістерден және тоңазытылған жемістерден әзірленетін компоттар болып бөлінеді. Бұл тізімді ассорти-компоттар, консервіленген компоттар, қайнатылған және қайнатылмаған компоттар толықтырады.

Ингредиенттер

Су. Компот үшін краннан немесе бұлақтан алынған емес, сапасы жақсы судың таңдаңыз. Құрғақ және тоңазытылған жемістерді суық суға салыңыз: оларға ісіп-кебіну, жібу үшін уақыт керек. Ал жаңа піскен жеміс-жидектер үшін ыстық қайнған суды таңдаңыз: жемістерден шырын мен дәрумендер алу үшін өте жоғары температура керек болады.

Қант. Компот үшін ақ, қызыл қоңыр, жемісті немесе құрақ қант жарайды. Дегенмен, қантыңызға байланысты компоттың да дәмі өзгереді. Қантпен бірге бал қоссаңыз, хош иісті, пайдалы болып шыға келеді (балды қайнаған суға қосуға болмайды). Әрине, сусынның дәмді болғаны жақсы, бірақ, ол үшін қантты көп қосып жүрмеңіз. Жақсы дәмге қол жеткізу үшін ескі тосаптың, қант сиропының қалдықтарын пайдаланыңыз. Компот қайнатуда орташа есеппен әрбір литр үшін 150 грамм қант қажет. Қанттың мөлшерін жеміс-жидектің қышқылдығына байланысты өзгертуге болады.

Жеміс-жидектер. Компотқа қолжетімді келетін кез келген жеміс-жидек жарай береді, олардың жаңа, кептірілген, тоңазытылған болуы мүмкін. Бірақ, жеміс-жидектерді езуге болмайды. Компоттың мақсаты – жемістерді бүтін күйінде сақтау болып табылады (үлкен жемістерді кесіп салыңыз). Компот үшін тым тәтті жемістер алынса, оны қышқылдату үшін лимон мен мүкжидек көмектесе алады.

Сізге оғаш көрінегімен, компотты асқабақ, рауғаш, сәбіз, кәді сынды көкөністерде де қайнатуға болады. Оның түсі әсерлі болу үшін қызылша қосылады. Тіл үйірер дәм мен хош иісті алу үшін қызыл шарапты, жеміс шырындарын, корица, зімбір, жалбыз, мелисса, қалампыр, хош иісті бұрыш, жұпар жаңғақты қосуға болады. Бұлардың қатарына лимон қабығының үгіндісі мен раушан күлтелері, бір шымшым тұз артықтық етпейді. Бұл дәмдеуіштерді дайын болуға 5-10 минут қалғанда қосыңыз.

Компот қайнатудың қағидалары

– Компотты жәй отқа аздаған уақыт қайнатып болған соң, отты өшіріп, бірнеше сағат бұқтырып қою керек. Осы қағиданы орындаған жағдайда жеміс бойындағы дәрумендер мен басқа да пайдалы заттарды сақтап қалуға болады.

–  Компотқа арналған жемістерді бірдей етіп кесіңіз, қайнатқан кезде біркелкі жібиді.

– Жемістерді қайнап жатқан суға саларда лимон қышқылын қоссаңыз, дәрумендер жақсы сақталады.

– Компотты қайнату уақыты әртүрлі: алма мен алмұрт үшін 35-40 минут,  қалған жемістерге 15 минут жеткілікті.

– Компотты дайындаудың тағы бір жолы: дайындалған жеміс-жидектерге қант сеуіп, қайнап тұрған суды құясыз да, 10-12 сағат бұқтырып қоясыз.

– Компот дайындауға болмайтын жемістер: құрма, анар, айва және банан.

– Компотты 2-14 °С температурадағы тоңазытқышта сақтаған дұрыс. Мұздатқышта қатырып бір айға дейін сақтауға болады.

 Тосап қайнатуға арналған кеңестерімізді мына жерден оқи аласыздар.

Суреттер: gdepropeller.ru, bankoboev.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 28 маусым 2013, 16:09

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.