Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Жеміс-жидектен абайлаңыз!

Жеміс-жидектен абайлаңыз!

Жеміс-жидектен абайлаңыз!

Жуырда жеміс-жидектер маусымы басталғалы отыр. Тіпті, қазірдің өзінде олардың бағасы арзандап, қолжетімді бола түсті. Сондықтан да, жеміс-жидек туралы сіз білмейтін ақпараттарды ұсынуды жөн көріп отырмыз.

Көпшіліктің осы жеміс-жидектен, көкөністен асқан пайдалы нәрсе жоқ деген ойда екендігі жасырын емес. Бірақ олардың ішінде тығылып жатқан қаншама қауіп-қатер бар. Бұл арқылы сіздерді жемістерден үркіткелі отырғанымыз жоқ, десе де, өсімдік пен оның жемістерінен уланған адамдардың өлім аузына барған жағдайлары аз болған. Ендеше, аса ұқыптылықпен қарау керек жемістер мен көкөністердің тізімімен таныс болыңыз.

1. Бадана

Бадана өзгелер ойлайтындай жаңғақ емес, құрғақ жеміс саналады. Қайталанбас дәмге ие бадана десерттер мен көптеген тағамдарды дайындауға таптырмас ингредиенттердің бірі. Иісі ең күшті келетін ащы бадананың құрамында улы цианид бар. Осы удан арылту үшін оған өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Солай бола тұрғанымен, ащы баданаға келгенде, абай болғаныңыз абзал.

Жаңа Зеландия сияқты елдерде ащы бадана сатуға тыйым салынған.

2. Кешью

Кешью жаңғақтан емес, кешью "алмасының" тұқымынан алынады. Дүкендерде сатылатын кешьюлар дымқыл болмайды, ол үшін оларды бумен өңдейді. Өйткені, дымқыл кешьюдің құрамында урушиол деген аллергия тудыратын улы зат бар. Урушиолдың шамадан тыс мөлшері өлімге апарып соқтыруы мүмкін. Тіпті, оны өңдеу жұмыстарына қатысатын қызметкерлер тері ауруларына жиі ұшырап жатады.

3. Шие

Шиенің және өріктің, шабдалының, қара өріктің сүйектерінде цианид бар. Егер сүйекті кеміріп, шайнап немесе басқалай сүйекті жаратын болсаңыз, цианидті сутектің қаупіне тап боласыз. Біздің ағзамыз 2-3 сүйектен төнетін қауіпке төтеп бере алады. Алайда, одан артық мөлшерге рұқсат жоқ.

Сүйектен уланудың алғашқы белгілері: бас ауруы, бас айналу, дезориентация, құсу, мазасыздану. Кейбір жағдайда тыныс алуыңыз қиындап, қан қысымыңыз мен жүрек ритмінің жоғарылауы мүмкін. Өлім тудырған жағдайлар да кездеседі.

4. Қояншөп

Қояншөп – жемісі нағыз у болып келетін көкөніс. Бұлай дейтініміз көкөністің пайдалы жағы тек жапырақтары, тамыры, сабағы екен. Қояншөптің жапырағы ертеден бері дәрілік құрал ретінде пайдаланылып келеді. Ал оның диаметрі 6-10 мм болып келетін жемістерін жеуге тыйым салынған.

5. Қызанақ

Қызанақтың жапырақтары мен сабағында “гликоалкалоид” деп аталатын қауіпті зат бар. Бұл зат күйгелектік пен бас ауруын, асқазан бұзылуын шақырады. 

7. Жұпар жаңғақ

Жұпар жаңғақтың құрамында миристицин деп аталатын психобелсенді зат бар. Жаңғақты көп жеген жағдайда, құсқыңыз келіп, басыңыз айналып, терлеп, миға зақым келгендіктен көзге әр нәрсенің елестеуі, құлақтың жаңылыс естуі, мұрынның иісті айыра алмауы пайда болуы мүмкін.

7. Саңырауқұлақтар

Саңырауқұлақ ең көп таралған жеңсік астардың бірі. Ал олардың улы түрі болатындығын біреу білсе, екіншісі біле бермейді. Жеуге жарамдысы мен улысын айыру өте қиын (түсі, иісі арқылы ажырату да дұрыс емес). Саңырауқұлақтың қыр-сырын білетін адам болмаса, бұл кез келгеннің қолынан келмейді. Саңырауқұлақтан уланудың басты белгілері: 2 сағаттан кейін ішіңіз ауырып, құсып, басыңыз айналады. Білесіз бе, тіпті жеуге жарамды деген саңырауқұлақтың өзінен уланып қалуға болады. Сол себепті, саңырауқұлаққа келгенде өте абай болыңыз.

8. Жасыл картоп

Картоп – әлем халықтарының сүйіп жейтін әрі ең көп таралған көкөністерінің бірегейі. Қызанақ секілді картоптың сабақтары мен тамырларында “гликоалкалоид” аталатын зат бар екенін біле жүріңіз. Ал жасыл картоптың құрамында ультракүлгін сәулелердің әсерінен пайда болатын өлім тудыратын қасиеті бар соланин заты кездеседі. Картопты таңдауда осыған абай болыңыз. Жасыл картопты ұзақ уақытқа сақтаймын деп шоқ басып жүрмеңіз демекпіз.

10. Алма. Алма дәндері


Алманың дәндерінде де шие мен баданадағыдай біршама мөлшерде цианид бар. Егер сіз байқаусызда 2-3 сүйекті жұтып қойсаңыз, саспаңыз. Ағзаның мұндай мөлшерлі цианидпен күресуге шамасы жетеді.

 

Суреттер:byaki.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

16679 6
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 31 мамыр 2013, 18:21
Пікірлер
+0
31 мамыр 2013, 18:45

алманы сүйекпен жеймін ғой үнемі :shock:

+0
31 мамыр 2013, 18:46

енді не жейміз? :o

+0
31 мамыр 2013, 19:13

Абайлап сүйектерін жемей жеу керек шығар

+0
02 маусым 2013, 12:41

мэ ана картоптың бәлесін біліп алдымм :)

+0
04 маусым 2013, 12:45

мен ана дәндерді көп жеуші ем енді азайтатын болдым

+0
20 маусым 2015, 22:31

уау

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...