Жапондардың шаш сұлулығының құпиясы

Жапондар денсаулыққа және сұлулыққа аса мән береді. Олар өздеріне күтім жасауға уақыт бөледі. Шаштары тегіс әрі жылтыр болуы үшін олар қандай лайфхактар қолданады?

Тамақтану

Азиялықтардың күнделікті рационының негізін теңіз өнімдері құрайтынын білеміз. Теңіз өнімдері шаш құрылымының құрылыс материалына қажет пайдалы ақуыздарға бай. Күнделікті рационның тағы бір маңызды ингредиенті — балық. Ол майлы қышқылдарға бай. Олар шаштың липидті қабатын реттеуге жауап береді және бас терісі тітіркенуін және қабынуын басады. Соның арқасында шаштың өсуі жақсарып, оның түсуі азаяды.

Жапон әйелдерінің рационын соя, балдырлар, көкөністердегі жасұнықтар, жемістер және көк шайдағы антиоксиданттар толықтырады. Мұның барлығы бірге шашты іштен қоректендіреді. Бұл оған қосымша күш сыйлайды және құрылымын қатайтады. Сондай-ақ Жапонияда коллаген түріндегі аспаздық қосымшалар да кең тараған.

Косметика

Жапонияда медицина да, косметология да жоғарғы деңгейде дамыған. Жапонияда барлық дерлік марка табиғи құраммен және сульфаттардың болмауымен мақтана алады. Құрамында сульфаты жоқ сусабын қолданып көргендер оның дұрыс көпірмейтінін біледі. Бұл жағдайдан шығу үшін жапондықтан массаждық резеңке щетка пайдаланады. Ол сусабынды көпіртуге және бас терісі қанайналымын жақсартуға көмектеседі.

Сондай-ақ шашқа арналған көпшілік жапон косметикасының құрамында сквалан — жануар майы бар. Скваланы бар бальзамдар мен маскалар липидтер жетіспеу кезінде пайдалы. Азиялық косметиканың тағы бір пайдалы ингредиенті — арган майы. Ол зақымдалған шаш құрылымын қалпына келтіреді. Арган майы құрғақ, сынғыш, термиялық әсерге жиі шалдығатын және боялған шаштарға пайдалы.

Дәстүр

Жапондықтар дәстүрді жақсы сақтайды. Олардың сұлулық сырларына да қатысты ұстанатын дәстүрлері бар. Мысалы, камелия гүлінің майымен шашқа күтім жасау. Оның құрамында шаш құрылымына сіңіп кететін ақуыздар мен олеин қышқылы бар. Ол шаш құрылымын тегістеп, оған көлем береді. Мына лайфхакты қолданып көріңіз: 1 шай қасық камелия гүлі майын қыздырып, бас терісіне тигізбей, шаштың барлық ұзындығына жағып шығыңыз. 20-25 минуттан соң сусабынмен жуып тастаңыз. Сондай-ақ шаршаған және құрғақ шашты емдеу үшін азиялықтар бөрітарақ (гибискус), көк шай және сірке суынан тұнба дайындайды. Мұндай тұнба майлылық пен зат алмасу процестерін реттейді, шашты белсенді ылғалдандырады.

Дұрыс ұйқы

Шаштың сыртқы келбеті күтімді әрі сау болуы үшін 7-8 сағат ұйқы керек. Оған қоса, жапондар жастыққа жібектен тігілген қап пайдаланады. Сол кезде шаш зақымдалмайды және ұйыспайды. Сондай-ақ олар жастыққа хош иісті шөптер салады. Мысалы: лаванда және жалбыз.Олар ұйқыға терең батуға және толыққанды демалуға көмектеседі.