Шаш күтіміндегі 3 қателік

Шаш күтіміндегі 3 қателік

Шашты күнде фенмен кептіру, бұйралау мен түзулету әлбетте шаш саулығына қауіпті. Алайда басқа, бір қарағанда зиянсыз шаралар шашқа одан да көп қауіп төндіре алады.

Тым көп сусабын қолдану

Шашты екі рет сусабынмен жуу немесе көп сусабын қолдану бір жағынан дұрыс көрінеді. Шашыңыз жақсырақ тазарады деп ойлайсыз ба? Солай болса да, шамадан көп сусабын шаш пен бас терісін құрғатып тастайды. Көбіктенген сусабын май мен кірмен қоса бас терісінің табиғи қорғаныс қабатын шаяды. Нәтижесінде бас терісі құрғайды, қышиды, зақымданады. Шашыңыз да одан кейін сау болып өсуі екіталай.

Дымқыл шашты сәндеу

Шаш сәндеудің басты қағидасы: дымқыл шашқа тимеу. Дымқыл шашты мүмкіндігінше тарамаңыз, сүлгімен сықпаңыз, бумаңыз, байламаңыз. Дымқыл шашқа арналған кондиционер не бальзам, шашты ұштанудан сақтайтын сұйықтықты жағып, шаштың өзінің кебуін күтіңіз.

Үлкен температуралар

Фен, плойка, түзулеткішті мүлдем қолданбаңыз демейміз. Тек оны қолданар алдында шашқа арнайы термотұрақты спрей шашып, шашты қорғаңыз. Шашты майлар мен маскалармен ылғалдандырып тұрыңыз. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: ymedicinanatural.com

С. А