"Тараз Аруы - 2021" анықталды

"Тараз Аруы - 2021" анықталды
Фото: tengrinews.kz

23 жастағы Индира Маханова "Тараз Аруы - 2021" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Қазақ ұлттық аграрлық университетін "агрохимия және топырақтану" мамандығы бойынша бітірген. Қазір "Тұран" университетінде экономика және бизнес магистрі.

                                 

"Ата-анамның үмітін ақтап, қайырымдылық қорын ашқым келеді. Сондай-ақ, саяхаттау үшін бірнеше тіл үйреніп жүрмін", - деді Индира.

                                 

                                 

Ол кроссфитпен белсенді түрде айналысады, детектив жанрын оқығанды, сурет салғанды ұнатады. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген, қазір испан тілін үйреніп жүр.

                                 

Алғаш рет өңірдегі байқаулар онлайн түрде өтіп жатыр. Жұлдызды қазылар алқасы 10 финалистің сауалнамасын қарап, фотосуреттері мен визиткаларын көрді, ZOOM-конференцияда қыздармен сұхбат өткізді. Алғаш рет көрермендер қазылар алқасының отырысын және қатысушылардың сұхбатын көруге мүмкіндік алды.
Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, "Қазақстан Аруы - 2013" иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen бар.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

А. Жапатова