Қыстағы аяқ күтімі

Қыста жабық аяқ киім киетіндіктен, аяқтарымызды ешкім көрмейді-ау деп оған қажетті күтім көрсетпейміз. Көктемде аяқтарыңыздың жағдайынан шошымайын десеңіз, қазірден бастап аяққа көңіл бөліп, "қыстық" күтім көрсетіңіз.

Қыстық аяқ киімді
мұқият таңдаңыз. Ол ыңғайлы, аяқты қыспайтын болуы керек. Сонда аяғыңыз да зақымданбайды. Аяқ киіміңіз табиғи былғарыдан болмаса, табиғи материалдан жасалған ұлтарақ салып не мақталы шұлық киіңіз. Табиғи маталар теріңізге дем алуға мүмкіндік беріп, артық терлетпейді. Қыста аяқтарыңыз шамадан артық терлейтін болса, аяқтарыңызды суық сумен шаюды әдетке айналдырыңыз. Ол аяқтың терлегенін басады. Суға түскен сайын кеуектаспен аяқты қырып жүріңіз. Оның алдында 5-10 минут аяқты суға жібітуді ұмытпаңыз. Осылайша аяқ терісін зақымдаулардан сақтайсыз. Осындай дауадан кейін аяққа құрамында Е дәрумені бар крем жағыңыз. Ол теріні сыртқы ортаның жағымсыз әсерінен сақтайды. Педикюр жасағанда ерекше мұқият болыңыз.  Апта сайын аяққа арналған маскалар жасап тұрыңыз. Мысалға құрамында Е дәрумені бар косметикалық майды аяққа жағып, сыртынан шұлық киіп жатыңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: dourody.pl