Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Безеудің шығуына ықпал ететін 7 нәрсе

Безеудің шығуына ықпал ететін 7 нәрсе

Безеудің шығуына ықпал ететін 7 нәрсе

Теріге дұрыс күтім жасалмаса, ондағы ұсақ тесіктер бітеліп, безеулер пайда болуы мүмкін. Ендеше, тері тесіктерінің бітелуіне не ықпал етеді?

Құрамы дұрыс емес кремдер
Көбіне қоректендіретін кремдер, бір жағынан, теріні дәрумендермен қанықтыру үшін қажет болғанымен, екінші жағынан комедогенді (тесіктерді бітейтін немесе ластайтын) болуы әбден мүмкін. Бір адамға комедогенді болып табылған құрал басқа адамға ондай әсер бермеуі мүмкін. Ол әр адамның өзіндік ерекшелігіне байланысты. Егер теріңізге безеу жиі шығатын болса, қолданатын кремдеріңіздің құрамын жақсылап зерттеңіз. Егер олардың құрамында ланолин ацетаты (Acetylated lanolin alcohol) және бутил стеараты (Butyl stearate) болса, тері тесіктерінің бітеліп қалуына солардың ықпал етіп жүргені.

Табиғи майлар
Табиғи майлардың пайдасы жайлы жиі оқимыз. Бірақ оларды өте жиі қолдануға да болмайды. Себебі олардың кейбірі тері тесіктерінің бітеліп қалуына ықпал етеді. Мысалы, табиғи зәйтүн, бадам және кокос майын көп қолдансаңыз, тері тесіктері бітеліп қалады. Сондықтан оларды аптасына бір рет бір ай қатарынан қолдансаңыз, келесі ай теріні олардан демалтуды ұмытпаңыз.

Жеткіліксіз тазарту
Макияжды тек сумен, көбікпен немесе гельмен ғана жуу жиі жеткіліксіз болады. Косметика қалдығы көзге көрінбеуі мүмкін, бірақ уақыт өте сол үшін теріге безеу шығады. Сондықтан бет терісін дұрыс тазарту жолын сақтау керек. Алдымен косметиканы мицеллярлы сумен немесе гидрофильді маймен кетіресіз, содан соң көбік не гельмен жуынасыз.

Тональді крем
Текстурасы өте тығыз тональді кремдер теріні демалтпайды және тері тесіктерін ластайды. Егер теріңізде безеу болса, оны тональді креммен жасыруға болмайды. Себебі тері жағдайын одан әрі нашарлатып аласыз.  

Дұрыс тамақтанбау
Дұрыс тамақтанбау тек дене сымбаттылығына емес, сондай-ақ тері жағдайына зиянын тигізеді. Қуырылған немесе тәтті тамақтарды қанша жесе де артық салмақ қоспайтын болсаңыз да, дұрыс тамақтануға көңіл бөлген жөн. Себебі ол дене пішініңізге әсер етпесе де, теріңізге әсер етеді.

Ағзаға мырыштың жетіспеуі
Бетке безеу шығуының тағы бір себебі – ағзаға мырыштың жетіспеуі. Бұл элемент тері, шаш және тырнақ сұлулығы үшін өте маңызды. Ол гормондар тепе-теңдігін, иммунитеттің жұмысқа қабілеттілігін және жасушалардың қалыпты бөліну қарқынын реттейді. Сондай-ақ мырыштың жетіспеуі май бездерінің дұрыс емес жұмыс істеуіне әкеледі. Соның себебінен теріге безеулер шығуы мүмкін.

Күйзеліс
Адамның жан дүниесінің жағдайы бірден бүкіл ағза жұмысына әсер етеді. Егер күйзелісте жүрсеңіз, ағзаның жалпы жұмысы бұзылады. Соның себебінен тері тесіктері де бітелуі әбден мүмкін.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: futurist.ru
Қосылған күні: 07 сәуір, 09:32

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->