Кокос майының 20 пайдалы қасиеті

Кокос майының 20 пайдалы қасиеті
Фото: bagiraclub.ru

Кокос майы – кең таралған табиғи косметиканың бірі. Ол қымбат тұрмайды және ұзаққа жетеді. Оның басты артықшылығы – әмбебаптылығы. Оны шаш, бет, дене терісіне, тұрмыста, тамақ дайындауда және медициналық мақсатта қолданады. Кокос майының пайдалы қасиеттерін ұсынамыз.

1.Шашты ылғалдандыру. Кокос майы шашты қоректендіруге арналған табиғи құрауыш болып табылады. Жылдам дайындалатын шашқа арналған масканың жасалуына бір мысал: кокос майын балмен араластырып, 40 минутқа шашқа жағасыз. Содан соң оны қарапайым сусабынмен жуып тастайсыз. Сонымен қатар, әр шаш жуар алдында кокос майын шаштың ұшына жағу арқылы шаш ұштануының алдын алуға болады.

2. Әжім түсуін азайту. Ол үшін кокос майын көз айналасын жағып, жеңіл массаж жасау керек.

3. Сірқабыққа (кутикула) күтім жасау. Кокос майы көмегімен сірқабық құрғақтығы мен қабыршақтануынан құтылуға болады. Ол үшін майды тырнақ айналасына жағыңыз.

4. Аяқ терісіне күтім. Кокос майы аяқ терісін жұмсартып, оны дезодорант және антисептик ретінде қолдануға болады.

5. Ерін терісін ылғалдандыру. Кокос майын қоңыр қантпен араластыру арқылы ерінге арналған скраб дайындауға болады. Ол гигиеналық далапты ауыстыра алады.

6. Денеге күтім. Кокос майын тұзбен немесе қоңыр қантпен араластырып, оған бірнеше тамша эфир майын тамызыңыз. Сол кезде денеге арналған скраб дайын болады. Сонымен қатар, кокос майының өзін денеге арналған ылғалдандырушы сүт ретінде қолдануға болады.

7. Жұмсартушы және тыныштандырушы құрал. Кокос майы эпиляция, маникюр, педикюр және қырынудан кейін жақсы көмектеседі. Ол теріні жұмсақ әрі тегіс етеді.

8. Күнге күюге арналған құрал. Кокос майы терінің құрғауынан сақтап, күнге тегіс күйдіреді.

9. Макияж сүртуге арналған құрал. Кокос майы көмегімен макияж сүртуге болады. Ол үшін майды теріге жағып, 5 минутқа қалдырасыз. Содан соң, оны сумен немесе ылғал дәкемен кетіресіз.

10. Масссажға арналған май. Кокос майы керемет массажға арналған құрал болып табылады. Май тиімді ылғалдандырушы құрал ретінде әсер етеді.

11. Былғары бұйымдарды жылтырату. Былғары бұйымға май жағыңыз, сол кезде оның бастапқы қалпына келгенін байқайсыз.

12. Сағызды кетіру. Кокос майы кез келген заттан (кілемнен немесе шаштан) сағыз қалдығын кетіруге көмектеседі.

13. Металл заттарды тазарту. Кокос майы металл заттарға жылтырлық сыйлап, тотты кетіреді.

14. Шайға немесе кофеге арналған қоспа. Шайға немесе кофеге қанттың немесе балдың орнына бірнеше тамшы кокос майын қосыңыз. Май – жақсы тәттілендіргіш.

15. Тағам дайындау. Өсімдік майын кокос майымен ауыстыруға болады.  Сонымен қатар, оны салат араластыруға зәйтүн майының орнына қолдануға болады.

16. Пісірмеге қолдану. Кокос майын бәліш, печенье және нан пісіруде қолдануға болады.  

17. Тамақты емдеу. Тамақтағы ауруды немесе жөтелді кетіру үшін кокос майын аздап таза күйінде немесе шайға қосу арқылы қолдануға болады.

18. Ұшықты емдеу. Кокос майының вирусқа қарсы эффекті бар, сондықтан ол ұшықтың ұлғаюының алдын алады. Ұшық шығайын деп тұрғанын сезсеңіз, кокос майын жағып қойыңыз.

19. Жараны емдеу. Кокос майы маса шаққан жараның қышуын азайтады.

20. Сүйекке пайдасы. Кокос майы сүйекке қажетті кальций мен магнийдің сіңуін жақсартады.

А. Жапатова