Құрғақ тері күтімі: үйде жасауға болатын 5 маска

Тері – денсаулық «айнасы». Бұл «айнадан» бәрі көрінеді: дұрыс емес күтім, нашар ұйқы, ауру, дәрумен мен таза ауа жетіспеушілігі. Маусым ауысымында тері сезімтал бола түседі және құрғақтанады. Тері құрғақтығынан арылуға көмектесетін маска рецептілерін ұсынамыз.

Апельсин. Апельсин қабығына қайнаған су құйып, суығанша қалдырып, содан соң оны сүзіп алу керек. Оны бет терісін сергітетін құрал ретінде қолданыңыз.

Қырыққабат. Қырыққабаттың бірнеше жапырағын қайнаған суға салып, сәл жібітіп аламыз. Содан соң оған сұйық май жағып, оны бетіңізге және мойынға қойыңыз. 20 минут өткен соң оларды алып тастап, бетті жылы сумен шайыңыз.

Лимон. 1 лимонды қабығымен бірге үккіштен өткізіп, оған 100 мл спирт құйыңыз. Бұл қоспаны дәке арқылы сүзіп алып, оны 1 кесе қаймақ, 1 жұмыртқаның ағы және 1 шай қасық глицеринмен араластырыңыз. Осы масканы бетіңізге 15-20 минутқа жағып, мақта бөлігімен сүртіп тастайсыз.

Картоп. Картопты суға пісіріп, содан соң езу керек. Оған 1 шай қасық зәйтүн майын және бірнеше тамшы лимон суын құясыз. Сол қоспаны бетке жағып, 20 минуттан соң жуып тастайсыз.

Сәбіз. 2-3 сәбізді үккіштің ұсағынан өткізіп, 1 жұмыртқаның сарысымен араластыру керек. Оны бетке жұқа етіп жағып, 20-25 минуттан соң жылы сумен жуып тастау қажет.