Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Майлы шашқа арналған маскалар

Майлы шашқа арналған маскалар

Майлы шашқа арналған маскалар

Майлы шашқа маска қажет пе? Егер қажет болса, қандай маскалар қолдану керек? Шаш майлы болып тұрса, ол қосымша ылғалдандыру мен қоректендіруді қажет ете ме?

Майлы шаш құрғақ шаш сияқты сынғыш және ұйысқақ бола бермейді, оларды зақымдау қиынырақ. Майлы шаштың басты кемшілігі – оның майлы болуы. Алайда шаштың еш кінәсі жоқ, шаштың ондай болуына бас терісінің майды көп бөлуі себепші. Сондықтан майлы шашқа арналған күтім бас терісіне бағытталуы керек. Үйде шашқа қандай маска жасасаңыз да, алдымен оны бас терісінің кішкентай бөлігіне жағу арқылы тексеріп алыңыз. Себебі кей компоненттер аллергия беруі әбден мүмкін. Әрине, мүмкіндік болса, кез келген күтімді трихолог маманынан кеңес алудан бастаған жақсы.

1. Тұздан жасалатын маска
Ұсақ теңіз тұзы майлы бас терісіне арналған жақсы маска бола алады. Тұз тері майын сіңіреді, антисептикалық қасиетке ие және қайызғақ пайда болуының алдын алады. Жуылған басқа аздап теңіз тұзымен бірнеше минут жеңіл массаж жасаңыз. Сол кезде пилинг әсерін аласыз. Содан соң жылы сумен шайып тастаңыз.

2. Шөптер қайнатпасынан жасалатын маска
Шөптер қайнатпасы, әсіресе, майлы шаштарға пайдалы. Мысалы: сәлбен (шалфей), қалақай (крапива), жалбыз және қайың жапырақтары. Оларды кез келген дәріханадан табасыз. Суыған шөп қайнатпасына шашыңызды шайып алсаңыз, май бездері жұмыстарын қалпына келтіруге көмектеседі.

3. Майлардан жасалатын маска
Бір қарағанда, шаш майлануға бейім болса, ол қосымша қоректендіруді қажет етпейтін секілді көрінеді. Бірақ бас терісі қосымша ылғалдандыру мен қоректендіруді алмаса, ол құрғап, майды одан сайын белсенді түрде бөледі.

Сондықтан майлы шашқа қоректендіргіш маскалар, соның ішінде май негізінде дайындалатын маскалар жасауға болады. Алайда майлы шашқа арналған майды дұрыс таңдау керек. Мысалы, майлы бас терісіне зәйтүн және кокос майы келмейді, ал ошаған майын қолдану ұсынылады.

Шашқа пайдалы 5 май

4. Сұлы жармасынан жасалатын маска
Сұлы жармасынан жасалатын маскалар тек майлы бет терісін емес, сондай-ақ майлы бас терісін де тыныштандырып, ылғалдандырады. Маска жасау үшін аздап сұлы жармасына қайнаған су құйып, суығанын күтіңіз. Пайда болған ботқаны бас терісіне жағып, бірнеше минуттан соң жақсылап жуып тастаңыз.

5. Балшықтан жасалатын маска
Балшық тері тесіктеріне терең еніп, лас пен май қалдықтарын алып шыға алатын қасиетке ие. Маска дайындауға көгілдір немесе жасыл балшықты сумен араластырып, пайда болған масканы бас терісіне жағып, жарты сағатқа дейін ұстау ұсынылады. Содан соң оны жақсылап жуып тастаңыз.

6. Айраннан жасалатын маска
Айранды бас терісіне жағып, массаж жасап, полиэтилен қалпақ киіп алыңыз. Масканы 20 минуттан соң жуып тастаңыз.

7. Жемістерден жасалатын маска
Сұлулық салондарында майлы шашқа арналған қышқылды пилингтер жасайды. Соған ұқсас әсерді жемістер маскасынан алуға болады. Себебі жемістерде де майлы бас терісіне пайдалы жеміс қышқылдары бар. Мысалы, бірнеше қатты кивиді үккіштен өткізіп, дайын езбені шашқа жағыңыз. Оны 15 минуттан соң жуып тастаңыз.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: ru.freepik.com
Қосылған күні: 29 қаңтар, 14:51

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.