Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Шаш түсуінің басты себептері

Шаш түсуінің басты себептері

Шаш түсуінің басты себептері

Шаштың әдемілігі мен саулығы – қыздар қауымы үшін маңызды дүниелердің бірі. Алайда  күз мезгілінде ағзамыз жаңа маусымға үйреніп, бүкіл мүшелердің жұмысы ауысады. Көпшілікті алаңдатын мәселелер арасында шаштың шамадан көп түсуі де бар. Сондықтан шаш түсуінің басты себептеріне тоқталамыз.

1. Шаштың түсуі кезінде басты рөлді ген мен жыныстық гормандар атқарады. Антрогендер (ер адамдардың жыныстық гормондары) шаш фолликулдарына (буылтығына) әсер етіп, қоректенуі нашарлауының нәтижесінде шаш әлсіреп, түседі. Әйелдердің қанында да антрогендер болады. Гормональдық бұзылыстар кезінде андрогендердің деңгейі тым жоғарылап, нәтижесінде ер адамдардағыдай шаш түсе бастайды.

2. Ауа температурасының күрт ауысуы да шаштың нашар өсуіне, оның түсуіне әкеліп соқтырады.

3. Шаш түсуінің жиі кездесетеін себептерінің бірі – торығу (стресс).

4. Қан тамырлары тарылған кезде бастағы қан айналысы нашарлап, шаштың қоректену ритмі бұзылады да, шаш буылтықтарының орташа есеппен 10-15%-ы өз қызметтерін тоқтатады. Қазіргі тірлікте стресс қалыпты жағдайға айнала бастағаны жасырын емес. Сонымен қатар жүктілік пен босану, бөбекті емізу мен түн ұйқыны төрт бөлу, яғни әйел адамдардың ағзасына екі есе күш түсетін кезеңді де мамандар стресс деп есептейді.

5. Тері мен май бездерінің аурулары. Мысалы, себорея шаштың көп түсуінің негізгі себептерінің бірі.

6. Дәрінің ретсіз, онды-солды пайдалану – шашқа қолайсыз әсер етеді.

7. Нашар экология да шаштың дұрыс өсуіне үлкен зиян тигізеді. Шашқа шаң-тозаң қонып, ол тері майымен қосылып, шаштың қоректенуі бұзылады. Шаш түсуін тоқтату мүмкін емес болса да, оның түсу жылдамдығын шектеуге болады. Сондықтан шаш сиреп, түсе бастаған кезде тез арада шаш маманы трихологқа және эндокринологқа қаралған дұрыс. Емнің нәтижелі болуы дәрігерге қаралу уақытына және шаш буылтығының сақталуына байланысты. Шаш буылтықтары семіп қалса, оның орнына жаңа шаш шықпайды. Шаш буылтықтары сақталып, орнында тұрса, шашты қалыпқа келтіруге мүмкіндік мол. Алайда ондай процестің ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Кейде емге бірнеше ай немесе бірнеше жыл кетуі мүмкін.

Емдік шаралары

Бүгінде шаш түсуіне қарсы түрлі маскалар бар. Алайда өз қолыңмен жасаған маскаға ештеме жетпейді. Үй жағдайында әрі халықтық ем саналтын бұл масканы сіз де жасап көріңіз.

• Ірі сарымсақтың бірнеше бөлігінің қабығын ашып, қоймалжың қалыпқа келтіріп (сарымсақ ботқасы) езесіз. Шаш майлы болса, дайындалған ботқаға өсімдік майының 2-3 тамшысын, ал егер шаш қалыпты жағдайда болса, ботқаның төрттен бір бөлігіне тең май қосасыз. Құрғақ шашқа ботқаның жартысына тең өсімдік майын қосу керек. Дайын болған масканы шаш түбіне қатты баспай, уқалай отырып жағасыз. 2 сағаттан кейін басты су сабынмен жуу қажет. Бұл емдік шараны 6 ай бойы аптасына 2 рет үзбей жасасаңыз, оң нәтижесін көре аласыз.

• Емдеудің келесі тәсілінде дайын сарымсақ қоспасына жұмыртқаның сарыуызын қосып, әбден араластырасыз. Дайын қоспаны шаштың өн бойына жағып, басқа орамал байлап, сыртынан целлофанмен орайсыз. 20 минуттан кейін шашты су сабынмен немесе кәдімгі сабынмен жақсылап жуып, тағы бір жұмыртқаның сарыуызын жағып, кейін шашты жақсылап сумен жуасыз. Одан әрі шашты шөптен жасалған қайнатпамен шайсаңыз болады.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: ivona.bigmir.net
Қосылған күні: 30 қыркүйек, 18:34

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.