Сара Карбонеро: Сұлулық сырлары

Сара Карбонеро: Сұлулық сырлары
Фото: vk.com

Футболшылар жөнінде мақала жарияланса, жігіттер футболға қатысты жаңалық оқиды, ал қыздар олардың отбасы мен сүйіктілері туралы мәліметтерді "қызықтағанды" жақсы көретіні құпия емес.

Бүгін сайтқа Икер Касильястың "Алтын допты" әр позицияға беру керек деген ұсыныс жасағаны туралы мақала шықты. Шыны керек, бойжеткендер Икерді ойын алаңындағы жетіктіктерінен гөрі, журналист жұбайы арқылы ғана таниды. Ендеше, мақаламызды сол сұлуға арнайық.

Сара Карбонероға қарап, әлемнің үздік қақпашыларының бірі, нағыз жұлдыз Икер Касильяс оған не себепті ғашық болғанын түсіну қиын емес. Дегенмен, табиғат сұлулықты үйіп-төгіп берсе де, Сарадай оны өз дәрежесінде әдемі жеткізе білетіндер көп емес. Туа біткен бітімді де күтім арқылы сақтап отыру керек. Талайды тәнті еткен Карбонероның құпиялары қандай? Қызық болса, әр жылғы сұхбаттарында айтылған кеңестерге назар салыңыз.

► Оянған бойда бетімді суық сумен жуамын, содан кейін аздап ылғалдандырғыш крем пайдаланамын. Бетіме бронзатор қолданғанды жақсы көремін.

► Кешкі жиынға баратын болсам, көзімнің айналасын қара немесе көкшіл қарындашпен бояймын. Тым ашық түсті бояуларға әуестігім жоқ.

► Диета ұстанамын деп айта алмаймын. Тіпті, тамақты арнайы кесте бойынша да ішпеймін. Бірақ, дұрыс тамақтануға тырысамын. Мен анам пісірген макароннан бас тарта алмаймын. Шай ішкенді де жақсы көремін.

► Шаш кептіргішті мүлдем қолданбаймын, табиғи түрде құрғатқанды жөн санаймын. Мен өзге әйелдер секілді әр көктем сайын түбегейлі өзгерістер жасауды аңсамаймын. Сондықтан өмір бойы бір имиджге адалмын. Бір жағынан бұл қалтаңызға салмақ түсірмейді.

► Теріге күнге күйгендей қоңыр рең беру сәнге айналған. Менің терім онсыз да сондай. Теріме зақым келмес үшін күннің астында демалуды қыс мезгіліне қалдырамын.

А. Оралқызы