- Негізгі бет
- Сымбат
- Су шаш –...
Су шаш – әлсіз шаш
Шаш құрылымы кератин ақуызын түзеді, ол сірқабықтың жұқа қабатын жауып тұрады. Шашқа су тиген кезде оның молекулалары шаштың ісінуін шақырады. Нәтижесінде сірқабық өзгеріске ұшырайды: оның шеттері көтеріліп, жарыла бастайды. Ал шаш кепкен кезде олар жиналған суды қайтадан "ағызады". Өзгеріске ұшыраған сірқабықтың себебінен шаш сынғыш, әлсіз және ұстағанда жағымсыз бола түседі. Шаш саулығы мен сұлулығын сақтау үшін және жоғарыда айтылғандай жағдай орын алмас үшін су шашпен не істеуге болмайтынын ұсынамыз.
Шашты ылғал күйінде ұзақ ұстамаңыз
Су шаш – әлсіз шаш. Су шашпен ұзақ жүрген сайын олар соншалықты әлсіз болады. Мамандар шаштың бұл жағдайын гидро-шаршағандық деп атайды. Ылғал шашты сүлгімен құрғатып сүртіңіз. Мамандар су шашпен ұйықтауға болмайтындығын айтады. Косметикалық дүкендерде шашты жуу кезінде және жуғаннан соң қорғайтын түрлі спрей, кондиционер және басқа да құралдар көп кездеседі.
Су шашты түбінен ұшына дейін тарамаңыз
Егер шаш жуып жатқанда қатты ұйысып қалса, бірден тарақпен тарауға кіріспей, алдымен ауыртпай саусақтарыңызбен ашыңыз. Шашты суламай жатып тарап алған жөн, ал ылғаш шашты тарау ұсынылмайды. Шаш жартылай кебе бастағанда оны ұшынан бастап тараңыз.
Су шашты жоғарыға бумаңыз
Шаш ылғалданғанда олар қатты созылады. Су шашты жоғарыға буып алсаңыз, олар одан сайын қиналып, сынғыш бола түседі. Сондықтан шашты жинарда оны толықтай кептіріп алыңыз. Әрдайым жұмсақ пластиктен немесе жұмсақ матадан жасалған қыстырғыштар мен резеңкелер тағуға тырысыңыз.
Су шашты қыздырмаңыз
Түзететін немесе бұйралайтын құралмен онсыз да қорғанышсыз күйдегі әлсіз шашты одан әрі зақымдайсыз. Нәтижесінде шаш күйеді, сынғыш болады және тіпті, шаштың түсуіне әкелуі мүмкін. Шашты фенмен кептіргенде де оның ыстық желін емес, суығын пайдаланыңыз. Сонымен қатар, термоқорғаныш құралдарды қолдануды ұмытпаңыз.
А. Жапатова