Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Су шашпен ұйықтауға бола ма?

Су шашпен ұйықтауға бола ма?

Су шашпен ұйықтауға бола ма?

Әжеңіз немесе анаңыз шашыңызды кептірмей ұйықтауға болмайтындығын айтқан болар. Алайда, не үшін болмайды? Неміс ауыз әдебиетінде "су шашпен ұйықтап қалған қыздың түсіне жын кіріп, құлағына күнәлі ойлар сыбырлап кетеді" деген сенім бар екен. Шаш жуып болған соң бірден ұйықтаудың денсаулыққа зияны бар.

Шаш сынады

Ылғал шаш сынғыш болып келеді. Себебі жуып болған бойда ол қорғансыз қалады. Шаш жуу кезінде оған қаттылық пен иілгіштік беріп тұрған майлы қабықша шайылып кетеді. Ылғал сынғыш шаштар сіз ұйықтап жатырып, қозғалған сайын зақымдалады. Егер сапалы сусабын мен уақытылы бальзам, кондиционер қолдансаңыз, бұл мәселе орын алмауы мүмкін.

Бас тонады

Тіпті, ыстық күні судан шыққанда, жағымды салқындық сезінесіз. Тері ылғал болған кезде ол салқындайды. Басыңызды жуып, ылғал шашпен жату кезінде дәл осындай жағдай орын алады. Егер түнде үй жылы болса, ештеңе етпейді. Бірақ сәл салқындық болса, шаш түйіндері тонып, шаш әлсірейді. Оған қоса, бөлмеге жел өтіп тұрса, тұмаулатуыңыз да әбден мүмкін.

Malassezia Furfur қауіп төндіреді

Бұл әдемі аттың астында қайызғақ тудыратын саңырауқұлақ жатыр. Ол ылғал ортада дамиды. Су шашпен ұйықтау оның көбеюіне ықпал етеді. Сондықтан шашты қайызғаққа қарсы сусабынмен жуып, бірақ су шашпен ұйықтау еш нәтиже бермейді.

Бактериялар өседі

Жастық, әсіресе құсжастық қауіп көзі болуы мүмкін. Су шашпен ұйықтауға жатқанда жастық та ылғал болады. Ал ол бактериялардың, саңырауқұлақтардың және кенелердің дамуына арналған қолайлы орта. Аллергендердің көбеюіне өзіңіз ықпал етесіз. Сондықтан, таңертең орын алатын жөтел немесе көздің қышуы секілді жағымсыз белгілер су шашпен ұйықтағанның салдары болуы мүмкін.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 18 қазан 2018, 14:33

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->