Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Аяқ күтімі: Өкшені жұмсарту жолдары

Аяқ күтімі: Өкшені жұмсарту жолдары

Аяқ күтімі: Өкшені жұмсарту жолдары

Табан терісіне су мен күн негативті әсер етіп, оның жарылуына әкеледі. Топырақ та теріні құрғатады. Әсіресе, бақшада жұмыс істегеннен кейін табанның жағдайы одан әрі нашарлайды. Өкше жарылуынан қалай арылуға болады?

Өкше неліктен жарылады?

Өкше жарылуын шақыратын негізгі себептер:

- Аяққа дұрыс күтім жасамау;
- Күн мен су әсері;
- Топырақ әсері;
- Аяқ киім әсері;
- Зат алмасудың бұзылуы;
- Дәрумендер жетіспеушілігі;
- Аяқтағы қан айналымның бұзылуы;
- Бүйрек ауруы;
- Гормоналды өзгеріс.

Егер өкше жарылуының себебі күтімнің дұрыс болмауы немесе сыртқы факторлар болса, одан құтылу оңайға соғады. Ал басқа жағдайларда тексерістен өтіп, емделу керек. Бірақ қандай себеп болмасын аяқ жағдайын жақсарту үшін крем мен маскалар қолданып, ванналар жасаған жөн.

Дұрыс тамақтану

Қатты қабыршақтанып кеткен теріні қалпына келтіру үшін тамақтану үлесіңізді өзгертіп, мәзіріңізге дәрумендер мен минералдарға толы азық-түліктерді қосу керек. Қызанақ, көк жуа, сүт өнімдері мен бауыр, сәбіз, бұршақ тұқымдастар, асжапырақ, әртүрлі ірімшіктер мен кілегей майын, суға піскен жұмыртқа жеу пайдалы болады.

Сонымен қатар, желатин қолдану қажет. Ол үшін мармелад жеу ұсынылады. Желатин тұнбасын былай жасауға болады: желатинге (5г) су немесе шырын (250 г) құяды. Ол 15-20 минут тұруы керек. Содан соң аш қарынға ішеді. Желатинді уақытылы қолданған жағдайда 2 айдан соң өкше жұмсарып, терісі алқызыл бола түседі.

Аяққа дұрыс күтім жасау

Аяқ терісі жарылып кетпес үшін күнде ылғалдандырушы крем жағу керек. Зәйтүн майын да қолдануға болады. Ол теріні тегіс әрі жұмсақ етеді. Кей әйелдер қатпарланған теріні ұстарамен алады, бірақ ол терінің одан сайын қалыңдауына әкеліп соғады. Аяғыңыз уақытылы күтімді қажет етеді.

Аяққа арналған ванна

Қатпарланған және жарылған табан терісін жұмсартуға арналған ең жақсы әдіс – ванна жасау. Ваннадан соң аяққа крем немесе зәйтүн майын жағу керек. Аяққа арналған ванналарға лимон, қарағай, лаванда майын қосқан дұрыс.

Сүтті-сабынды ванна
Ыстық суға сүт (жарты литр) құйып, сабын бөлігін (20 г) салады. Су суығанша аяқты салып отырасыз.

Тұзы бар сүтті-сабынды ванна
Оны дайындау үшін сүт (250 г) пен сабын ерітіндісін (250 г) араластырып, ас тұзын (60 г) салады. Қоспаны ыстық суға құйып, аяқты 1 сағат шамасында салып отырады. Содан соң жұмсарған теріні қатты щетка немесе пемзаның көмегімен алып, соңынан қоректендіргіш крем жағып қойыңыз.

Тұзды-сабынды ванна
Ыстық суға тең мөлшерде тұз бен сабын бөлігін салыңыз. Бұл ерітінді табан терісін жұмсартып, тырнақты бекітеді.

Тұзды ванна
Суық суға ас тұзын (1 литр суға 20 г тұз) салып, аяқты ерітіндіде 30 минуттай ұстайды. Мұндай ванна жарылған теріні жұмсартады және аяқтың ауруын, қызуын басады.

Ас содасы бар сабынды ванна
Жылы суға ас содасы мен сабын бөлігін тең мөлшерде салып, аяқты 30-40 минут ваннада ұстайды. Содан соң аяқты скрабпен уқалап, пемзамен тазартады. Процедурадан соң крем жағады.

Шөптерден жасалатын ванна
Ол үшін жалбызтікен немесе жөке гүлінен қою тұнба дайындап, сол ерітіндіде аяқты 20-30 минут ұстайды.

Марганец ерітіндісі ваннасы
Жылы суға әлсіз алқызыл түс болғанша марганец ерітіндісін және ас тұзын (20 г) салады. Аяқты ваннада 15-20 минут ұстайды.

Аяққа арналған скраб

Аяққа аптасына бір рет скраб жағу ұсынылады. Оны дүкеннен сатып алуға немесе үйден жасауға болады. Мысалы, мына өнімдерді тең үлесте араластыру арқылы скраб алуға болады:

- өсімдік майы мен тұз;
- бал мен тұз;
- душқа арналған гель мен қант.

Аяққа арналған маска

Крахмал-жұмыртқа маскасы
Жұмыртқаның сарысына лимон суы (5 г) мен картоп крахмалын (2-3 г) қосып, араластырыңыз. Табанға масканы жағып, ол кепкен кезде жуып тастайды.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: ru.freepik.com
Қосылған күні: 03 маусым, 16:36

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.