Ерлер vs әйелдер: Кімге арықтау оңай?

Ерлер vs әйелдер: Кімге арықтау оңай?
Фото: pixabay.com

Арықтағысы келетін ер адамдар сирек кездеседі. Бірақ, олар арамызда бар. Әйелдердің көпшілігі арықтау мақсатында түрлі диеталарды ұстап көреді. Сонымен, кімдерге арықтау оңай екендігін қарастырайық.

Дене бітімінің ерекшеліктері

Ер адам ағзасындағы майлы тін мөлшері қалыпты түрде шамамен 10-12%-ды (20%-ға дейін жетуі мүмкін) құрайды. Ал әйелдерде майлы тін көп болуы керек, шамамен 30%-ға дейін жетеді. Оның себебі әйелге бала көтеру және емізу үшін көп энергия кетеді. Ал ағзаның энергетикалық қоры – ол майлы тін.

Анатомия ерекшеліктері

Ерлерде табиғатынан бұлшықет көп. Ағзада қаншалықты бұлшықет тіні көбірек болса, негізгі алмасу деңгейі соншалықты жоғары болады. Яғни, ештеңе істемей-ақ ер адамдар әйелдерге қарағанда көбірек калория жоғалтады.

Әрекет ерекшеліктері

Салмақ тастағысы келетін әйелдер көп жағдайда құрбыларымен бірге топтық жаттығуларға жазылады. Май кетіру үшін минутына 110-130 соққы болатындай 40 минуттан аз емес уақыт жаттығу керек. Мысалы, ұзақ жүгіру, қарқынды жүру, велосипед тебу және т.б. Ал аэробикадан алатын интервалды жүктемелер ағзаны нығайтуға көмектескенмен, салмақ тастауға тиімді емес. Ер адамдар көбінесе жалғыз жаттығады және жиі жүгіру мен вело-жаттығу құрылғысын таңдайды.

Көңіл күй ерекшеліктері

Әйелдерге диета ұстау қиынырақ, ал еркектер тамақтағы шектеуді жеңіл көтереді. Себебі олар табиғатынан көп түрлілікті қажет етпейді. Әйелдерге бірдеңе жетіспесе, күйзеліске түсіп кетеді. Мұндай ерекшелік көбінесе әйелдерге тән.

А. Жапатова