Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Кәріс әйелдері үйден шығарда қолданатын 5 құрал

Кәріс әйелдері үйден шығарда қолданатын 5 құрал

Кәріс әйелдері үйден шығарда қолданатын 5 құрал

Кәріс әйелдері тері күтіміне ерекше мән береді, олар тек күндізгі және кешкі крем жағумен шектеліп қоймайды. Олардың сөмкесінде күні бойына қолданатын 5 косметикалық құрал жүреді.

1. Мицеллярлық су

Кореяда теріні жиі тазарту керек деп санайды. Сондықтан, кәріс әйелдері күніне бірнеше рет бет терісін миццелярлық сумен тазартып, жуады. Олар боялған көздері мен қастарына тиіспей, тек бет терісін ғана сүртеді.

2. Ылғалдандырушы крем

Теріні тазартып болған соң, оны ылғалдандыру керек. Бұл жерде де сол қағида орындалады: кәріс әйелдерінің ойынша, ең күшті крем күші де 2 сағаттан кейін жоғалады. Сондықтан, тазартудан соң теріге крем жағып, ол толықтай сіңуі үшін саусақ ұштарымен ұрады. Бұл кезде тері ылғалданып қана қоймай, массаж да алады.

3. Күннен қорғайтын крем

Кәріс әйелдері ылғалдандырушы кремнің сыртынан міндетті түрде, 50 SPF-тен кем емес күннен қорғайтын крем жағады.  Сонымен қатар, олар мұндай кремді далада күн ыстықта да және күн жоқ кезде де жағып шығады. Олар күнге күйгісі келмейді деген сөз емес, күн ерте қартаюға себепші басты фактор болып саналады.

4. ВВ-крем

Тері күтімінен соң, олар бет реңін тегістеу үшін ВВ-крем жағады.

5. Қолға арналған крем

Кәріс әйелдері міндетті түрде, қолдарына құнарландырушы немесе ылғалдандырушы крем жағып шығады.

1
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 05 наурыз 2018, 10:20

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->