Ылғалдандырғыш кремді қолдану ережесі

Ылғалдандырғыш кремді қолдану ережесі

Ылғалдандырғыш кремді құрғақ теріге қолданбаған жөн.

Ылғалдандырғыш кремді бетті сумен немесе сүтпен жуып болған бойда, бетіңіз кеуіп кетпей, ылғал кезінде жағу қажет.

Бетіңіз майлы болса да, теріге ылғалдандырғыш крем қажет.

Көп адамдар тері майлы болса, оны ылғалдандырудың қажеті жоқ деп ойлайды. Бұл  қате. Егер бетті жуғаннан кейін оны ылғалдандырмасаңыз, тері кебуді толықтыру үшін майды одан сайын көп бөлетін болады. Теріңіз жылтырап тұрмауы үшін үшін қатты майлы емес ылғалдандырушы кұралдар мен тональді кремдер қолданыңыз.

Кремді абайлап жағыңыз.

Егер сіз кремді қолыңызбен жайлап қағып немесе саусақ ұштарымен жай ғана тигізіп жағудан басқаша жақсаңыз, сіз теріні созып, әжімнің пайда болуына әкелесіз. Соның ішінде көздің айналасына жағар кезде абай болыңыз.

Мойынды ұмытпаңыз.

Бетіңіз тегіс, алайда мойын теріңізде әжім көп болып тұрса, бұл  толық күтім жасалмағандық белгісі. Бетке арналған ылғалдандырғыш кремді мойынға да пайдалануға болады. Басқа арнайы мойынға арналған крем сатып алсаңыз да болады. Бастысы бет терісі секілді мойынға күтім жасауды ұмытпаңыз.

Тиімді крем қымбат болады деген сөз емес.

Тері күтімін жасауда өте қымбат тұратын құралдарға жүгірудің қажеті жоқ. Бастысы қолжетімді құралдың өзін дұрыс қолдана білу.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Конор МакГрегор сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады
Конор МакГрегор сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады
Қара түсті хайуанаттардың сыры
Қара түсті хайуанаттардың сыры
Апельсиннің "бауырлары"
Апельсиннің "бауырлары"
Динозавр дәуірінен қалған жеміс
Динозавр дәуірінен қалған жеміс
Қазіргі брендтердің бұрынғы логотиптері
Қазіргі брендтердің бұрынғы логотиптері
Қояндардың тістері өмір бойы өседі
Қояндардың тістері өмір бойы өседі