Тенденция: гофре шаш үлгісі

Тенденция: гофре шаш үлгісі
Фото: vogue.ru

1980 жылдардағы сәнді трендтер қайтып оралуда. Мысалы, алқызыл бет, иығы үлкен көйлектер, банан шалбарлар және өте ашық түстер заманауи бойжеткендер өмірінен орын алды. Күз-қыс 2017-2018 топтамасында гофре шаш үлгісі кездесті.

Қазірге дейін стилистер гофрені шашқа көлем беру үшін ғана қолданып келді. Гофрені астыңғы шаштарға жасап, оны көрсетпей бетін басқа шаштармен жауып қоятын. Енді олай тығудың қажеті жоқ. Келе жатқан жаңа жылдық кешке арналған ең сәнді шаш үлгісі де гофре болып отыр.

Шашыңызға жаңа үлгі жасап көріңіз. Гофрені түрліше жасауға болады. Мысалы, барлық шашыңызға немесе тек кей шаш бұрымдарына және тек шаштың ұшына істеуге болады. Содан соң гофре жасалған шашты резеңкемен төменнен буып қойыңыз. Сонымен қатар, гофре жасалған шаштың жоғарғы бөлігін ғана түйіп қоюға болады.

А. Жапатова