Жеңіл тамақ берілетін күнге арналған мәзір

Жеңіл тамақ берілетін күнге арналған мәзір
Фото: Журнал Календарь

Жеңіл тамақ берілетін күнді аздаған артық салмақтан арылғыңыз немесе ас қорыту жүйеңізді ретке келтіргіңіз келгенде қолға алуға болады. Оны аптасына бір рет (минимум екі рет) жасаған жөн. Мұндай күндерге арналған мәзір ұсынамыз. 

Қияр (-3,5 кг)

Қияр диетасының танымалдылыққа ие болуы оның екі керемет қасиетіне байланысты, біріншісі – калория мөлшері өте аз. Екіншісі – қиярдың құрамында көмірсулар мен майдың түзілу процесін баяулататын арнайы қышқыл бар. Бұл режимнің тәуліктік калориясы 300-ге ғана жететіндіктен, бұл күнді ешқандай физикалық жүктемесіз үйде өткізген жөн. 1,5 кг қиярды 5-6 рет тамақтануға бөліңіз. Оны тұзсыз, дәмдеуішсіз және тұздықсыз жеу керек. Оған күніне 1-2 ас қасық кебек пен 2 жұмыртқа қосуға болады.

Алма (-3 кг)

Еуропалық микробиологтардың дәлелі бойынша, алманы жиі жеу – ішектегі шіруді тоқтатып, астың сапалы сіңуін қамтамасыз ететін ерекше бактерия түрінің көбеюіне себепші болады. Кәсіби диетологтардың көпшілігі жеңіл тамақ берілетін күндері балғын алмамен қатар піскен алманы жеуді де ұсынады. Жеңіл тамақ берілетін күні 1,5 кг қышқыл алма алыңыз. Күні бойы мына формуланы қолданыңыз: егер қарныңыз ашса, алма жеңіз, егер алма жегіңіз келмесе, қарныңыз аш емес. Бұл жемістен басқа күніне 1,5 литр газдалмаған су ішу керек.

Айран (-2 кг)

Айран сұйықтыққа жатқандықтан, онымен бірге су ішу міндетті емес. Айран – арықтауға ғана емес, жалпы денсаулыққа пайдалы өнім. Ол қысымды реттейді және ішек микрофлорасын жақсартады. Жеңіл тамақ берілетін күнге айранды таңдасаңыз, ол күнді үйде өткізгеніңіз жөн. Күні бойы 1-1,5 литр майсыз айранды (майлылық үлесі 1 %-дан жоғары болмауы керек) 5-6 үлеске бөліп ішіңіз.

А. Жапатова