Айран – дертке дауа

Айран – дертке дауа

Көптеген салада дәрі ретінде де қолданылатын айранның пайдалары өте көп. Сүт және айран – темекінің зиянды әсерлерін және С дәрумені жетіспеушілігін жоятын ең маңызды тағам. Жүрек, кәрілік, холестерин және катаракта аурулары үшін өте жақсы дәрі. Айранның суы да өте құнарлы келеді, асқазанға ешқандай салмақ түсірмейді. Созылмалы диарея, дизентерия, желдену, астың қорытылмауы салдарынан болатын ауыз иісі, іш қату және асқазан қанаулары секілді ауруларға қарсы емдік қасиеті бар. Өзге де біршама пайдасы төмендегідей: 

1. Ас қорыту жүйесін реттейді.
2. Жара және күйіктерді емдейді.
3. Көз үшін А витамині бар.
4. Жетілу үшін Е витамині бар.
5. Антибиотиктердің қосалқы әсерлерін жояды.
6. Жүйке және жүрек үшін қажетті В1 витамині бар.
7. Іш өту және ішек ауруларын емдейді.
8. Терінің жақсаруы үшін В2 витамині бар.
9. Құрамындағы ақуыз адамның күшін арттырады.
10. Сүйектің жетілуі үшін D витамині бар.
11. Ішек улануларынан сақтайды.
12. Ішектердің жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. 
13. Ауруларға қарсы емдік қасиеті бар.
14. Минерал ретінде кальций мол.
15. Әртүрлі аурудан сақтайды.

Сурет: lady.ru




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар