- Негізгі бет
- Сымбат
- Күз-қыс 2017-2018: макияж...
Күз-қыс 2017-2018: макияж тенденциялары
Күз-қыс 2017-2018 мезгілінде бет әрлеушілер көзге екпін беруге және ашық түсті ерінге еркеше тоқталды. Осы жылғы макияж тенденцияларымен таныс болыңыздар.
1 тенденция – табиғилық
Бұл тренд сәннен ешқашан кетпейді. Күтімді терінің табиғи жарқырауы беттегі бояуға қарағанда әлдеқайда әдемі көрінеді. Егер теріңіз мінсіз болса, бет әрлеушілер тональді құрал қолданбауға кеңес береді. Сонымен қатар табиғи қас та сәнде болғандықтан, татуаждан бас тартыңыз. Мұндай табиғи макияж жасау үшін сізге сапалы ылғалдандырушы крем, ерінге арналған бальзам және кей кемшілікті жасыратын хайлайтер қажет.
2 тенденция – қоңыр тень
Былтыр қоңыр палитра қола және қызғылт сары түсті болып келсе, биыл ол күңгірт және жартылай күңгірт түсте кездеседі. Ерінге арналған далап пен теньнің түсін бірдей етіп қолдану сәнде болады. Мұндай макияж жасау үшін көзге тень жақпас бұрын қабаққа опа (пудра) жағып шығыңыз. Содан соң қоңыр тень жағыңыз.
3 тенденция – алқызыл түсті макияж
Романтикалық бойжеткендерге басты жаңалық – алқызыл түс күз-қыс мезгіліндегі макияж тенденцияларының тізімінде бар. Макияжда алқызыл түс екі реттен артық қолданылмауы керек. Мысалы, тек тень мен бетке арналған далап (румяна) бірдей алқызыл түсте болуы.
4 тенденция – шие ерін
Күз-қыс мезгілінде сәнді тенденция тізіміне қанық шие түс те енді. Мұндай түсті ерінге арналған далап кез келген текстуралы (күңгірт, жылтыр) болуы мүмкін. Бастысы ерін сыртында сызық болмауы керек.
5 тенденция – күміс
кКиімде, аяқ киімде, маникюрде металл сәнде болса, енді ол макияжға да жетті. Басты екпін көзге берілген. Көзді күміс түстес жылтыр теньмен бояу немесе сондай түсті қарындашпен сызу сәнге айналды.
6 тенденция – түрлі түсті тень
Стилистер нюд макияжына ашық түстер қосуды ұсынды. Кей бет әрлеушілер бір емес бірнеше түстерді бірдей қолданды. Мұндай сәнді макияж жасау үшін бірнеше түсті тень керек. Ашық түсті теньмен қабағыңыздың жоғарғы жағын бояңыз. Ал қоюлау түспен кірпігіңіздің өсу бойымен сызық жасап шығыңыз.
А. Жапатова