Сұлулық адамның қай жерінде?

Сұлулық адамның қай жерінде?
Фото: amur.kz

Адамзат баласы болып жаралғалы ер мен әйел болып бөлініп бір-біріне тамсанумен өмір сүріп келеді. Бір қызығы әйелдер психологиясын зерттеуге аса мән беретін ғалымдар – ерлер. Олардың сұлулығын іздеп, олардың мінезімен алысып келеді. Дегенмен шынайы сұлулық қай жерде?

Сұлулық – екінші бір адамды ғана емес, жалпы қарған тіршіліктің көз жауын алатын келбеті. Анығында «сұлу» сөзі адамның бет-жүзіне бағытталады. Ал оның шынайы сұлулығын көрсету үшін оның бүкіл амалы мен жүрегі таза болу керек. Ал «сұлулық бетте емес, жүректе» дейтін сөздің астарында осы дүние жатыр.

Қазіргі таңда жүрек пен руханият жайында сөз қозғайтын жастар аз. Себебі бәріне керегі тек жасанды бетперде. Алданып қалатындары да қанша ма?! Сондықтан шынайы сұлулықты іздеген болсаңыз сізге бізден кеңес болсын.

Егер жүрек тәрбиеге толы болса, адамның жүрісі сұлуы.

Егер жүрек иманға толы болса, жүзінің нұры бар.

Егер жүрек көзі ашық болса, қос жанары да ашық болады.

Егер жүрек мейірімге толы болса, адамның келбеті сұлу әрі мейірімге толы болмақ.

Егер жүрек тектілікке толы болса, жүзіне қарап-ақ оның қандай адам екенін аңғара аласыз.

М. Ақан