Қызыл далап жағарда ескеретін ережелер

Қызыл далап жағарда ескеретін ережелер
Фото: Серик Байбульсинов

Осыдан он шақты жыл бұрын ернін қып-қызыл етіп бояған қыздар жеңіл ойлы боп көрінетін. Қазір жігіттердің де, өзімізідің де көзімізді үйретіп, күнделікті қызыл далап жағуды үйреншікті жайтқа айналдырғандаймыз. Алайда мұнда ескерер ережелерді естен шығармаңыз.

Ерніңізді қызыл түспен бояр болсаңыз, басқа косметикаларды мүлде аз мөлшерде не тіпті қолданбаған жөн. Себебі ерніңіз қып-қызыл, оның үстіне тағы басқа бояу баттасып тұрса, әдемі көрінбейді.

Тек бет теріңіз тегіс болмаса, тоналды кремнің астына аздап жасыруға болады. Онда да тек аздаған көлемде ғана жағыңыз.

Көзіңізді бояғыңыз келсе, тек кірпікке арналған сүрме (тушь) қолдануға кеңес береміз немесе қасыңызды сәл ғана айқындасаңыз жеткілікті.

Бетіңізде басқа бояу аз болғандықтан, жиі-жиі айнаға қарап, далап өшіп қалмауын қадағалап, жаңартып жағып отырыңыз.

Есте ұстаңыз, қоңырқай түсті ашық-қызыл далап тісті аппақ етіп көрсетсе, сарғыштау қызыл далап, сәйкесінше, тісті сәл сарғайтып көрсетеді.

Опа-далапқа қарап, мінезді анықтауға және соған қарай мінезді өзгертуге де болатынын жазған едік. Қызыл түсті далап жағып жүретіндер қоғамда өзіндік орны бар, нәзік жанды, эмоционалды арулар қатарына жатады.

@. @assel_assanova