Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Тест: Макияж бен мінез

Тест: Макияж бен мінез

Тест: Макияж бен мінез

Макияж деген ұғымды әр қыз әрқалай түсінеді. Бірі ерніне далап жағып қана қойса, басқасы күнделікті 1 сағатын бетін бояуға құртады. Макияжыңыз сіздің мінезіңіз жайлы айта алатынын білесіз бе?

Суреттен қолданатын макияжыңызға ұқсайтын нұсқаны таңдаңыз. Нұсқалар арасынан өзіңізге ұнайтынын не кейде қолданатынын емес, күнделікті жасайтын түрін көрсетіңіз.

Суреттегі мейк-апта қолданылған түстер сіздікімен бірдей болмауы да мүмкін. Бастысы макияждың қанықтылығы мен қай жерді қатты бояйтындығыңызды анықтаңыз.

Қарапайым макияж

Егер сіз үшін макияж тек кірпікке жағылатын тушь пен ерінге тамызылған жылтыр болса, сізді өзінің күшіне сенімді, өміріңізге көңілі толатын кісі деп айтуға болады. Сіз адамның сымбаттылығына емес, жан дүниесіне мән бересіз, басқалар да сізді солай қабылдағанын күтесіз. Басқалармен тіл табыса аласыз, мәселенің шешімін оңайлықпен тауып, заттарға объективті көзқараспен қарайсыз. 

Көздері қатты боялған макияж

Сіз үшін мейк-аптың басты бөлігі көзге жағылатын қиын, ерекше макияж болса, сізді кішкентай заттарға мұқият қарайтын, ұсақ-түйектерді байқай алатын адам деп сипаттауға болады. Өміріңізде болып жатқан сәтсіздіктер мен жеңістерді өзіңіздің ішіңізде өткеріп, оны сыртқа білдіре бермейсіз. Басқалармен тілдесу сіз үшін оңай емес, сіз оңаша қалуды жақсы көресіз.

Ерін қатты боялған макияж

Ернін жарқын түсті далап не жылтырмен бояудан қорықпайтын арулар көп жағдайда нәзік жанды, эмоционалды болады. Жігіттердің назарында болғанын қалап, жалғыздықтан қорқады. Жалпы достарының ортасында болғанын қалайды. Еріндері қып-қызыл қыздар қоғамда орны бар арулар болады.

Көзі де, ерні де тым қатты боялған батыл макияж

Батыл, тіпті экстравагантты макияж иесінің өзіне деген сенімсіздігін көрсете алады. Бұндай арулар әр уақытта өзінің сұлулығы, қоғамдағы орны жайлы уайымдап жүреді. Қоршаған ортаның оған тигізе алатын зардабынан қорқып, бояу көмегіне жүгінеді. 

Ал сіздің макияжыңыз қандай?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: woman.ru

12
Рейтинг: +5

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 08 қазан 2013, 19:45

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.