Тері күтімі

Тері күтімі

Көпшілік үшін бұл мүмкін еместей көрінеді. Өйткені терідегі пигментті дақтар оның жарқырап тұруына жол бермейтіндей. Егер сіз де осылай ойлайтын болсаңыз, бұл ойыңыздың қате екеніне көз жеткізіңіз. Ол үшін сізге бар-жоғы үш-ақ зат керек.

Төмендегі қарапайым масканы жасай отырып, терідегі пигментті дақтардан арылып, теріңіздің түсін әлдеқайда жақсарта, жарқырата түсіңіз.

Маска жасау үшін:

1 ас қасық бал;
1 ас қасық қоспасыз йогурт;
1 шай қасық лимон шырыны керек.

Бұларды біркелкі масса шыққанша әбден араластыру керек.

Дайын болған қоспаны пигментті дақтар бар жерге (бет, қол) жағыңыз.

15 минуттан кейін түзілген пленканы алып тастаңыз.

Пленканы алғаннан кейін орны біраз қызарып тұратындықтан бұл масканы ұйқыға жатар алдында жасаған дұрыс.

Уақыт өте терідегі қара дақтардан арыласыз.

А. Оралқызы