Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Күздегі тері күтімі

Күздегі тері күтімі

Күздегі тері күтімі

Жазғы демалыстан кейін шаш пен тері құрғап, шаршағандай көрінеді. Күзде сымбатты көрінемін десеңіз, ең біріншіден жаздың салдарымен күресуді қолға алыңыз. 

1. Бірінші мақсат - қажет емес, артық заттың бәрінен арылу. Теріңізді жақсылап скрабпен ысқылап, өлі жасушалардан тазартыңыз. Күнге күйген әдемі түсті жоғалтып алам деп қорықпаңыз. Тазаланған теріде бәрібір күнге күйген түс сақталады. Дене терісіне құрамында тұз не қант бар, ал бет терісіне үгітілген жемістер сүйектері қосылған скрабтарды таңдаңыз.

2. Теріңіз қабыршақтанып жүр ме? Бұған дауа теріге арналған май. Май теріні ылғалдандырып, қажетті ылғалды күні бойына сақтайды. Оны суға түскеннен кейін ылғал теріге жағыңыз.

3. Chanel зертханасының ғалымдары мынандай жаңалық ашты. Ұшақ салонындағы ауа Гоби шөлінің ауасындай құрғақ екен. Ендеше, егер сіз ұшақта бола тұра, арнайы ылғалдандырушы крем қолданбасаңыз, қатеңізді түзей бастаңыз. Аптасына 2-3 рет бет терісіне арналған маскалар жасаңыз. Ұйықтар алдында бетіңізге өте майлы кремді, ал күндіз арнайы күндізгі эмульсия-кремді қолданыңыз.



4. Жазда күнге күйіп, кейін терісінің түсімен баршаны тамсандыру - әр қыздың арманы. Алайда күнге күю теріге өте үлкен зақым тигізетінін білгеніңіз жөн. Жазда күннің астында көзілдіріксіз, бас киімсіз жүрсеңіз, енді оның зардабымен бетпе-бет кездесуге дайын болыңыз. Әсірсе көз маңындағы тері ең көп зардап шегеді. Мимикалық әжімдер көріне бастаса, көз маңындағы теріге арналған құрамында теріні қартаюдан сақтайтын коэнзим Q10 бар крем таңдаңыз.

5. Есіңізде болсын, жаздан кейінгі косметикаңыздың барлығы ылғалдандырушы болуы керек. Себебі қазіргі құрғақ теріңізде су жетіспей, қабыршақтанып, әжімдер пайда болуы мүмкін. Жасушалар жаңармай, терінің түсі нашарлай бастайды. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: belriem.org

5017 3
Рейтинг: +3

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 07 қыркүйек 2012, 16:53
Пікірлер
+0
07 қыркүйек 2012, 15:27

жерден де, терден де күтім кетер

+0
07 қыркүйек 2012, 19:00

шашым да, терім де әбіржіп кетті :?

+0
12 қыркүйек 2012, 00:46

Қандай скрап, май қолданған жөн?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...