- Негізгі бет
- Сымбат
- Шаш үлгісін жасаудағы...
Шаш үлгісін жасаудағы қулықтар
Таңертең жиналу кезінде жақсы шаш үлгісін жасауға уақыт болмайды. Сондай кездері пайдаға асатын бірнеше қулықтар ұсынамыз.
Бұйраның қандай болуы шаш бұйралайтын құралға бұрымды қалай орағаныңызға байланысты.
Көлемсіз буылған шашты көлемді ету үшін қыстырғыш пайдалануға болады. Ол үшін қыстырғышты буған резеңкенің астына қыстырыңыз.
Буылған шашты сәл көлемді етудің тағы бір әдісі.
Тіс щеткасына шашқа арналған лак себу арқылы балапан шаштарды басуға болады.
Шаш үлгісін көлемді көрсетудің қарапайым әдісі — шашты екі жерден буу.
Шаш түйреуіштерінен ерекше әшекей жасауға болады.
Сусылдақ шашқа бұйра түсуі үшін фольга қолданған жөн. Ол үшін алдымен шашты орап, сыртын фольгамен қаптап, шаш түзететін құралдың астында ұстаңыз.
Жуылған шашты толық кептірмей, қолыңызбен орап, фенмен кептірсеңіз, жеңіл толқынды бұрым аласыз.
Тараққа сүйікті әтіріңізді сеуіп, сол тарақпен шашыңызды тарап шықсаңыз, әтір иісі күні бойына сақталады.
Шиыршық резеңкені қалпына келтіру үшін ыстық суы бар ыдысқа салыңыз.
А. Жапатова