Педикюр жасаудың қыр-сыры

Педикюр жасаудың қыр-сыры

Саусақ тырнақтарын күтумен қатар аяқ тырнақтарының күтімі жайлы да ұмытпаған жөн. Бақай тырнағы дұрыстап алынбаса, ауру тудырып, тіпті хирургтардың көмегіне жүгіндіруі мүмкін.

1. Ескі лакты кетіріп, тырнақтарын аламыз.

2. Аяққа арналған ванна. Леген аламыз да, 2 үлкен қасық тұз (ваннаға арналған немесе жай тұз да жарай береді), 2 үлкен қасық ас содасын, 5 тамшы мүсәтір спиртын қосамыз. Суық су араластырмай, тек ыстық суды көз мөлшерімен толтырамыз. Аяқтарымызды саламыз. Су біраз ыссы, бірақ шыдауға болады. Суып бара жатса, шәугімнен ыстық су құйып отырамыз. Бар-жоғы 20 минут отырсаңыз жеткілікті.

3. Аяқтарды кезекпен шығарамыз. Қабыршақтанған жердің бәрі ағарып тұрады, кеуектаспен қырып, бәрін алып тастаймыз. Келесі аяғыңызды да судан шығарып, солай істеңіз. Күс, сүйел, қабыршақ – бәрі кетеді.

4. Тырнақ шетіндегі еттерін аламыз. Маникюр жасауға арналған апельсин таяқшасын пайдалансаңыз болады.

5. Аяқтарды қайтадан легенге саламыз. Аяқ қыратын егеуішпен табанымызды қырамыз. Егеуішке кішкене шампунь немесе душқа арналған гель жағып қойсаңыз болады. Суға қайнаған су құйып, 5 минуттай отырамыз.

6. Ең соңғы және маңызды кезең. Буланған және құрғақтай сүртілген аяқтарға Аевит дәруменін жағамыз (дәріханаларда сатылады). Капсуланы жарып, өкше, бақай, тырнақтардың барлығына жағамыз. Әдетте бір аяққа 3-4 капсула кетеді. Бұдан аяқтарыңыз нәрленіп, тырнақтарыңыз қатайып, жақсы өседі. Бәрі сіңген соң, шұлық киіп алыңыз.

Бұл процедураны аптасына бір рет жасап тұрсаңыз болады. Тым құрымағанда булап, Аевит жағып қойсаңыз да жеткілікті. Аяқтарыңыз күтілген, жағымсыз иістен ада болып, сау жүреді.

Сурет: dama.info

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina