- Негізгі бет
- Сымбат
- Арықтататын "Сасси суы"...
Арықтататын "Сасси суы"
Диетолог дәрігер Синтия Сасс асқазан мен ішек жұмысын ретке келтіретін, зәр шығартатын және газ түзілуін төмендететін сусын ойлап тапты. Сусынның қосымша әсері бар болып шықты: ол – арықтату.
"Сасси суын" дайындау үшін қажетті азық-түліктер:
- 2 л бөтелкедегі ауыз суы;
- 1 ас қасық ұсақталған жанжабіл (имбирь);
- 1 қабығы ашылған қияр;
- ащы жалбыз (2-3 бұтақ);
- грейпфрут немесе лимон;
- нарқайсар (вербена) немесе сәлбен (шалфей).
Суға ұсақталған жанжабіл, ұсақтап туралған қияр және жалбызды салып, тоңазытқышта бір түн бойы ұстаңыз. Таңертең суға ұсақтап туралған цитрусты (лимон немесе грейпфрут), нарқайсар немесе сәлбен жапырақтарын салыңыз. Тағы да 12 сағат ұстаңыз. Сол кезде барлық ингредиент бүкіл пайдалы затын суға сіңіреді.
"Сасси суын" қалай ішу керек?
Алғашқы 4 күн "Сасси суын" көп мөлшерде ішкен жөн. 2 литр судың барлығын бір күнде ішіп қоюға да болады. Бірінші стақанды міндетті түрде таңертең аш қарынға ішіп, ал қалғанын күні бойы іше беруге болады. Тек ұйықтар алдында 2 сағат бұрын ештеңе ішпеген дұрыс.
Содан соң 1 ай бойы "Сасси суын" бір стақаннан күніне кем дегенде 2 рет ішу керек. Нәтижесінде, 4-5 килограмм артық салмақ тастағаннан бөлек ас қорыту жүйеңіз жақсарғанын байқайсыз. Бет терісі ағарып, көңіл-күйіңіз көтерілгені білінеді.
А. Жапатова