Бет терісін ағартуға арналған маска

Бет терісін ағартуға арналған маска

Беттегі қара дақтардан және секпілден арылудың жолдары көп. Солардың бірі – бет терісін ағартуға арналған маска.

Бет терісін ағартуға арналған ірімшік қосылған маска. Ірімшіктің құрамында теріні ағартатын элементтер көп. Сондықтан ірімшік қосылған масканың әсері құрамында лимон шырынының қоспасы бар маскаға қарағанда әлдеқайда күшті. Мұндай масканы дайындаудың екі тәсілі бар.

1-тәсіл. 25 грамм ірімшікті жұмыртқаның сарысымен және 3% сутегі асқын тотығымен араластыру қажет. 

2-тәсіл. 30 грамм ірімшікті 1 ас қасық балмен және 1 ас қасық қаймақпен араластырып, қоспаның үстіне 3% сутегі асқын тотығын 3-4 рет тамызамыз.

Дайын болған масканы бетіңізге жағып, 15-20 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Мұндай маска бетіңіздің терісін біршама ағартып, оған ерекше өң береді. Масканы аптасына бір рет жасасаңыз жеткілікті. 

Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова

Сурет: fraui.ru

Г. Бакытбекова