Ерекше француз шаш үлгісі

Ерекше француз шаш үлгісі
Фото: massaget.kz

Күнделікті өмірде шаш үлгісін түрліше етіп жасауға болады. Сіздердің назарларыңызға бүгін француз шаш өру үлгісінің ерекшелеу нұсқасын ұсынып отырмыз. Айтарлықтай аса қиын да емес. Сізге тек тарақ пен екі жіңішке резеңке, бір шашқа арналған жұқа резеңке керек. Олай болса, іске сәт!

1. Алдымен шашты тарақтың ұшымен екіге бөлеміз.

2. Екіге бөлінген шашты бір жағынан бастап өріңіз. Біз өруді сол жақтан бастадық. Шашты үш өрім үлгісімен өреміз.

3. Өрімді сол жақтан бастаған соң, сол жақтан алынған шашты оң жаққа "тастап" отырамыз.

4. Соңында қалған кішкентай шашты үш өріммен өріп, ұшын жіңішке резеңкемен байлаймыз.

5. Шаштың оң жақ бөлігін де жоғарыдағы тәртіппен өреміз. Бір ескерерлік жайт: бұл жолы оң жақты өріп жатқандықтан оң жақтан алыннған шашты сол жаққа "тастап" отырамыз. Сонда ортада суреттегідей бос шаштар қалады.

6. Оларды жылан өрім үлгісімен өріп шығамыз.

7. Міне, мына суреттегідей өрім пайда болады.

8. Шаштың ұшын үш өріммен, жылан өріммен немесе өзіңіз қалаған өріммен өрсеңіз болады.

9. Міне осындай әдемі әрі жинақы өрім шығады!

Сіз де осы өрімді қайталап көріңіз.

Г. Берік