Жасанды тырнақ өсіру: пайдасы мен зияны

Жасанды тырнақ өсіру: пайдасы мен зияны
Фото: institutelinaafifi.com

Ұзын, әдемі тырнақ қашанда стиль мен сәннің символы болған. Қазіргі таңда кез келген іскер әйелді сәнді маникюрсіз елестету қиын. Соны білген сән салондары да қызылды-жасылды жарнамасымен көз бен сананы жаулауда. Мүмкін дәл қазір мыңдаған аруларымыз тырнағын жасанды жолмен өсіруге шешім қабылдай алмай, ойланып отырған болар.

Жасанды тырнақ өсірмес бұрын, гелмен бе, әлде акрилмен бе, қайсысымен өсірген қолайлы екенін біліп алған жөн.

Тырнақ әрлеуші шебердің кабинетіне кірсеңіз болғаны, тым қысқа, күтімсіз тырнағыңыз бірнеше сағаттық еңбектен соң көркем болып шыға келеді. Тырнақты гелмен және акрилмен өсіреді. Біреуінен екіншісі артық деуге келмейді, екуінің де жақсы және жаман жақтары бар.

Гель – аллергенді тұстары аз материал, сондықтан гель жағып өсірілген тырнақ ыңғайлы. Алайда ол тырнақты сындырып не зақымдап алсаңыз, барлығын түгелдей шешіп, қайтадан жасау керек.

Көп мамандар акрилмен жасанды тырнақ жасауды қолдайды. Өйткені акрил бар болғаны ешқандай ықпалсыз, өздігінен қатып қалады және қосымша аспаптарды қажет етпейді. Оған қосымша акрилден жасалған тырнақты алып тастау анағұрлым оңай.

Жасанды тырнақ өсірудің пайдасы пайдасы

Әрине, жасанды тырнақ өсірудің пайдалы әсері болмаса, көптеген арулар ол үшін сонша уақыты мен ақшасын кетірмес еді. Гель және акрилмен тырнақ өсірудің ортақ жақсы жақтары бар:

- Ұзын, әдемі тырнақтардың табиғи тырнақтан еш айырмашылығы болмай қалады;

- Өз тырнағыңыздың қисық-қыңыр жақтарын, барлық кемшіліктерін жасырып тұрады;

- Ұзын тырнаққа көңіліңіз қалаған кез келген өрнектер мен суреттерді сала аласыз;

- Бетіне жаққан тырнақ бояуы ұзақ уақыт бұзылмай сақталады;

- Жайсыздық болмайды, жаңа тырнаққа тез үйреніп кетесіз.

Жасанды тырнақ өсірудің зияны:

- Гельден болсын, акрилден болсын, жасанды тырнаққа екі аптада бір уақтылы коррекция жасап отыру керек. Ол үшін тағы да ұзақ уақыт пен ақша қажет.

- Гелмен өсірілген тырнақты алып тастауға болмайды, оны түгелдей үгіту керек. Ал оны тек тырнақ әрлеу шебері ғана жасай алады.

- Жасанды тырнақ өсіргеннен кейін өз тырнағыңыз жұқарып, әлсіз болып қалады. Жасанды тырнақты шешкен соң ерекше күтімді қажет етеді.

Қандай жағдайда жасанды тырнақ жасатуға болмайды?

Жасанды тырнақты кез келген адам кез келген уақытта жасата алады. Алайда мүлде қайшы келетін жағдайлар да бар:

- Зақымданған және қышыма ауруы (грибок) бар тырнақты жасанды жолмен өсіруге болмайды;

- Тырнақ айналасындағы ет (кутикула) зақымданған жағдайда (мысалы, кесіп алсаңыз) жасанды тырнақ өсіртпеңіз. Өйткені жараға гель не акрил түссе, асқынып кетуі әбден мүмкін;

- Жүрегі ауыратын, қан тамырлары ауруымен ауыратын, қант диабеті бар адамдарға жасанды тырнақ өсіртуге болмайды;

- Қолы өте қатты терлейтін адам жасанды тырнақты мүлде ұмытқаны жөн;

- Антибиотик немесе гормоналды дәрілер қабылдау кезеңінде де жасанды тырнақ өсіртуге болмайды.

Егер сенімді әрі өз ісін жақсы білетін маман кездессе, еш қорықпастан жасанды жолмен тырнақ өсіртуге қорықпаңыз.

Дереккөз: aikarakoz.kz

Н. Үсенова