- Негізгі бет
- Сымбат
- Қос бояудан жаңа...
Қос бояудан жаңа бояу алайық
Косметикалық жинағыңызда керек боуядың барлығы болуы үшін көзге көрінген косметикалық құралды сатып ала берудің қажеті жоқ. Өзіңізге қажетті кейбір бояуды үй жағдайында бар бояулардың қосындысы арқылы алуға болады.
Қоңыр тень + ерінге арналған бальзам = қас бояуға арналған бояу
Қоңыр күңгірт теньмен қас бояған ыңғайлы, бірақ ол ұнтақ текстура болғандықтан ұзақ тұрмайды. Мұндай кезде теньге аздап ерінге арналған бальзам салып, араластырыңыз. Нәтижесінде майлы негіз пайда болып, оны жаққан кезде ұзаққа дейін сүртілмей сақталады.
Тональді крем + ылғалдандырушы крем = ВВ-крем
Бұл әдісті кейбір кәсіби мамандар да қолданады. Өзіңіз қолданып жүрген және үйреніп қалған ылғалдандырушы кремді тональді креммен араластырып, дайын вв-крем шығара аласыз. Соның себебінен жеңіл әрі қатты тығыз емес қабат жағылып, қажет ылғалдылыққа қол жеткізесіз.
Ерін далабы + тональді крем = бетке рең беретін бояу (румяна)
Көп жағдайда бет сүйегін айқындап рең беру үшін ерін далабын жағуға болатынын естиміз. Алайда одан да жақсы әдіс бар: ерін далабынан кішкене бөлік сындырып алып, тональді креммен араластырыңыз. Содан соң бояу жаққышпен бет сүйегіне жағыңыз. Нәтижесінде табиғи көрінеді әрі күні бойы кетпей, жақсы ұсталады.
Қабаққа арналған тень + ерінге арналған бальзам = тинт (ерін бояуы)
Ешкімге ұқсамайтын, өзіңізді ашатын тинт немесе ерін далабының ерекше түсін шығару үшін қабаққа арналған тень қажет. Алқызыл, ақшыл көк түс немесе алтын түсті теньдерді ерінге арналған бальзаммен араластырыңыз. Реңк ашықтығын тень мөлшеріне қатысты реттейсіз. Сонымен, өзіңізге ғана тән авторлық тинт дайын. Тень ерінді құрғататын болғандықтан жақсы ылғалды бальзам болғаны дұрыс.
Кірпікке арнлаған тушь + шиммер = жылтыр тушь
Жылтыр тушьті күнде қолданбайтын болғандықтан, оны сатып алудың да қажеті жоқ. Кейде қонаққа барарда жылтыр тушь қолданғыңыз келсе, қолдан жасауға болады. Егер үйіңізде шиммер немесе алтын түсті тень болса, ескі тушьқа сеуіп, ыдысында араластырып алыңыз. Егер тушь қоюланып кетсе, бір-екі тамшы кез келген лосьон құйып жіберіңіз. Жылтыр тушь дайын.
Тырнаққа арналған мөлдір лак + тень = жылтыр лак
Ештеңе сатып алмай-ақ, жаңа лакты жылтыр тень мен мөлдір лак көмегімен жылдам алуға болады. Екеуін бөлек ыдысқа (мысалы, пластикалық контейнер) біртекті болғанша араластырыңыз. Қарапайым лак секілді тырнаққа жағыңыз.
А. Жапатова